Спорт • 26 Наурыз, 2020

Шахматшылардың Үміткерлер турнирі уақытша тоқтатылды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ФИДЕ басшылары мен ұйымдастырушылар тарапынан шахматтан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турнирін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. 

Шахматшылардың Үміткерлер турнирі уақытша тоқтатылды

Жүлде қоры 500 мың евроны құрайтын айтулы жарыс 3 сәуірге дейін созылуға тиіс еді. Коронавируске байланысты ол уақытша тоқтатылды. Енді екінші кезеңнің қашан және қай жерде өтетіні әзірге белгісіз. Айтулы турнирде топ жарған ойыншы Норвегияның өкілі Магнус Карлсенмен әлем чемпионы атағы үшін шеберлік байқасу мүмкіндігіне ие болады. 

Естеріңізге сала кетйік, жетінші турдан кейін қос ойыншы үзеңгі қағыстырып көш басында келеді. Олар – франциялық Максим Вашье-Лаграв пен Ян Непомнящий. Әрқайсысы 4,5 ұпайдан олжалады. Фабиана Каруана (АҚШ), Аниш Гири (Нидерланд), Ван Хао (Қытай) және Александр Грищук (Ресей) 3,5 ұпайдан иеленіп, үшінші және бесінші орындарды өзара бөлісуде. Ал көш соңында қалып қойған Дин Лижэнь (Қытай) мен Кирилл Алексеенконың қоржынында 2,5 ұпайдан бар.