Қазақстан • 26 Наурыз, 2020

«Қазақстан инжиниринг» өкпені жасанды желдетуге арналған 180 аппарат жинағын тегін беруге әзір

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан инжиниринг» ҰК коронавирусқа қарсы Үкімет қабылдап жатқан шаралар аясында Денсаулық сақтау министрлігіне өкпені жасанды желдетуге арналған 180 аппарат жинағын тегін беруге әзір деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

«Қазақстан инжиниринг» өкпені жасанды желдетуге арналған 180 аппарат жинағын тегін беруге әзір
Бұл аппараттар компанияның еншілес кәсіпорны «Тыныс» зауытында шығарылады. Олар өз бетінше жеке және жалпы оттегі беретін жүйеге де қосылып жұмыс істейді.
Бұл - «Көкшетау-4» деп аталатын жаңа үлгідегі 2019 жылы жасалған және өкпені оттегі-ауа қоспасы арқылы желдетуге арналған аппараттар.

«Сондай-ақ осы өнім көлемін көбейтуге кәсіпорынның өндірістік қуаты жеткілікті» дейді «Қазақстан инжиниринг» ҰК Басқарма төрағасы Қ.Бишімов.