27 Тамыз, 2013

Даму болашағының негізі

360 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Енді төрт күннен кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкілхалықтық талқылау арқылы өмірге келгеніне 18 жыл толғалы отыр.

конституция-РК

 Енді төрт күннен кейін тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкілхалықтық талқылау арқылы өмірге келгеніне 18 жыл толғалы отыр.

конституция-РК

Ата Заңымызды қабылдау ар­қылы Қазақстан бүкіләлемдік де­мо­кратиялық қоғамға батыл еніп, қазіргі күні дүниежүзілік жа­һандану үдерістерінің белсенді мүшесіне айналып отырғандығы баршамызға айғақ.

Конституция ең алдымен көп­ұлт­ты Қазақстан азаматтарының өза­ра теңдігін қамтамасыз етіп, олардың мемлекет пен қоғамдағы алар орнын айқындады, міндеттері мен құқықтарын белгіледі. Осы тұрғыда онда: “Қазақстан Рес­пуб­ликасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. ... Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық”, – деп көрсетілген.

Ата Заңымызда сонымен бірге мем­лекеттік биліктің негізі сараланып, заң шығару, атқару жә­не сот орындарына жүктелер жұ­мыс­тар айқындалды. Осы арқылы Конституция Қазақстанның әлем­дік демократиялық қауымнан ала­тын орнын белгілеп берді. Қа­зақстан Республикасының Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей "Қоғам әрбір қа­дам басқан сайын демокра­тия­лан­дыру мен адам құқықтары са­ласындағы ең жоғары стандарт­тарға жақындап келеді. Біз ел Конституциясында негізгі құ­қық­тар мен бостандықтарды бекіттік. Бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.”

Аталған бағыттағы “Рес­пуб­лика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде рес­пуб­ликалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу” деген талаптар қазіргі күні елі­мізде бұлжытпастан іске асырылып келе жатқандығы баршамызға және әлемдік қауымдастыққа аян. Ата Заңымыз мемлекеттің эко­но­микалық, әлеуметтік тұрғыдағы дамуының жолдарын белгілеп, осы бағыттағы өркендеудің де басты кепіліне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қа­зақ­стан-2050” Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауындағы: “Стратегия – 2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-ның көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз,” – деген сөзі қазақ елінің қысқа мерзімнің ішінде өзінің тарихында болмаған экономикалық жетістіктерге жеткендігін паш етеді.

Еліміздің көпұлтты тұр­ғын­дарының өзара түсіністігі, бе­ріктігі, болашаққа деген нық се­ні­мін қамтамасыз ете отыра Ата Заңымыз мемлекеттің эко­но­микалық қуаттылығын іске асырумен қатар оның халықаралық сахнадағы лайықты орын алуы­ның да қозғаушы күші болып отыр­ғандығын бүгінгі күнгі Қазақ­станның әлемдік бірлестіктегі лайықты орны дәлелдей түседі.

Негізгі заңымыз Республика азаматтарының міндетті орта және жоғары білім алуларына кепілдік береді. Конституцияның осындай талаптары мемлекетімізде ойдағыдай іске асырылып ке­леді. Атап айтқанда: “Білім алу­ға тең мүмкіндіктер жасалуда. Соңғы 15 жылда білім алуға жұм­салатын қаржы 9,5 есеге өсті. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. ..."Балапан" бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен 65,4 пайызға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94,7 пайызын қамтыды.

1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өз­ге де денсаулық сақтау нысан­дары салынды. Біз әлемдік дең­гейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін дамытудамыз. Соңғы 12 жылда жоғары бі­лім алуға берілетін гранттар саны 182% пайызға ұлғайд ы. 1993 жылы біз “Болашақ” атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың дарын­ды жас әлемнің таңдаулы уни­вер­ситеттерінде озық білім алды. Астанада халықаралық стан­дарт­тар бойынша жұмыс істей­тін заманауи ғылыми-зерттеу уни­верситеті құрылды.”

Мемлекет тарапынан атқа­рыл­ған осындай нақты істердің нәти­жесінде Қазақстандағы білім беру мен ғылым ісі әлемдік талап дәрежесіне жетіп отырғандығын нық сеніммен айтуға болады. Осының өзі-ақ мемлекетіміздің Ата Заңы талаптарының бұлжытпай орындалып отырғандығының айғағы болып табылады.

Үстіміздегі жылдың 5 мау­сы­мындағы Қазақстан Респуб­ли­касының Мемлекеттік Хат­шы­сы Марат Тәжиннің төраға­лы­ғымен өткен Қазақстан Рес­публикасының ұлттық тари­хын зерделеу жөніндегі ве­домствоаралық жұмыс тобының кеңей­тілген мәжілісінде Отандық тарихты оқытудың міндеттері сараланғандығы белгілі. Онда Қазақстан тарихының барша ке­зеңдерін қазіргі күнгі талап тұрғысында зерттеудің қажет­тілігі аталып көрсетілді. Со­ның ішінде еліміздің Егемендік мер­зіміндегі тарихын жа­зып, оны қазіргі ұрпақ арасында на­си­хаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталынды. Аталған тұр­ғыдан алғанда еліміздің Конс­ти­туциясының тәуелсіз Қазақ­станның беріктігін қамтамасыз етіп, әлем халықтары мен мем­ле­кеттер арасындағы орнын ай­қын­даудағы қызметін көрсету Отан тарихы ғылымының міндеті болып табылады. Мемлекетіміздің Ата Заңының қазақ қоғамындағы ат­қарар қызметін саралай отыра біз оның өміршеңдігін, көп­ұлт­ты еліміздің болашақтағы одан ары өркендеп дамуындағы бас­тау­шылық орнын көрсете білуіміз керек деп есептеймін.

Ғани ҚАРАСАЕВ,

тарих ғылымдарының докторы,

Мемлекет тарихы институтының

бас ғылыми қызметкері.