27 Тамыз, 2013

Баспадан зағиптарға арналған Құран шықты

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Книга ислама

Баспадан зағиптар оқи алатын Құран жарыққа шықты. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

Ыстамбұлда Халықаралық Құран қызметтері одағының жиналысы өткізілді. Жиында сөз алған Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздағ дүние жүзіндегі зағип мұсылмандар оқи алатын ортақ әліпбимен басылған Құран кітаптың баспадан шыққанын жария етті. Қазір осы қасиетті кітапты басқа мемлекеттерге тарату мәселесі қарастырылуда.

Бақытбек Кенешұлы.