28 Тамыз, 2013

Әлем мойындаған төреші

548 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өткен жылы Лондон Олимпиадасына Ақтөбеден спортшы қатыса алмаса да, бокстан төреші барған еді. Ол — Рахымжан Рысбаев. Рахымжан — Қазақстаннан барлық спорт түрлері бойынша төрелік еткен жалғыз адам. Ақтөбелік арбитр 2010 жылы Азияның үздік төрешісі атанды. Ал келесі жылы Халықаралық бокс федерациясы (АИБА) «Әлемнің үздік төрешісі» деп таныды.

Рахымжан РысбаевӨткен жылы Лондон Олимпиадасына Ақтөбеден спортшы қатыса алмаса да, бокстан төреші барған еді. Ол — Рахымжан Рысбаев. Рахымжан — Қазақстаннан барлық спорт түрлері бойынша төрелік еткен жалғыз адам. Ақтөбелік арбитр 2010 жылы Азияның үздік төрешісі атанды. Ал келесі жылы Халықаралық бокс федерациясы (АИБА) «Әлемнің үздік төрешісі» деп таныды.

БОКСШЫ

Рахымжан Рысбаев 1978 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының қазіргі Қайдауыл стансасында, № 12 газ-компрессор стансасында дүниеге келген. Ауылдағы мектепте оқып жүрді. Онда бокс деген өнер бұрынырақта да болған. Бірақ 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп келген дене шынықтыру пәнінің жас маманы Әділ Басығараев секция ашып, құдіретті спортқа ерекше көңіл аударды. Шәкірттер тәрбиелей бастады. Сол шәкірттердің бірі Рахымжан еді.

– Алдымен, боксқа қалай келгеніңнен бастайық.

– Әділ ағай секция ашты. Қатысқаныма бір ай да толған жоқ, 1991 жылдың күзінде Ақтөбеде жасөс­пірім­дер арасында облыс біріншілігі өтетін болды. Жарысқа қатты барғым келді, өйткені, қаланы көргім келді. Содан № 2 БЖСМ залында өткен чемпионатта бірінші рет рингке шықтым. Қарсыласым қандыағаштық Әлімжан Тұрсынбаев болды. Әлімжан сол кездің өзінде спорт шеберлігіне кандидат екен. Жеңіліп қалдым. Бірақ жасыған жоқпын. Қайта спортшы болсаң жер көресің, жаңа достармен танысады екенсің деген ой мені қызық­тыра түсті. Содан бокспен дендеп шұғылдана бас­тадым. Сол жылы желтоқсанда Қандыағашта жарыс өтті. Сол турнирде алғаш рет жеңімпаз ретінде қо­лым жоғары көтерілді. Сондағы сезімді, қуанышты айтсаңшы!

Ол кезде ауылдағы газшылардың балалары Арал теңізі жағалауына барып дем алатын. 1992 жылы жазда Әділ ағай боксқа қатысатын бірнеше баланы Аралға апарып, дем алдырды. Ағайымыз теңіз жағасында да жаттығуды жалғастырды. Сол жылы қазан айында Ақтөбеде облыс чемпионаты өтіп, бірінші рет облыстың чемпионы атандым. Бұл маған жігеріме жігер қосып, қанаттандырды.

1995 жылы мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе индустриялық-педагогикалық техникумына оқуға түстім. Әділ ағай да Ақтөбеге отбасымен көшіп келді. Сондай-ақ, менен кіші екі-үш шәкіртін ала келіп, Ақтөбе дарынды балалар мектеп-интернатына орналас­тырды. Бәріміз «Локомотив» спорт залында жаттыға бастадық. Сол кездері Галиб Жафаров, Әлімжан Тұрсынбаев – бәріміз бірге дайындалдық.

1999 жылы Ақтөбеде Бауыржан Ақшолақов атын­дағы турнир өтті. Сол жарыста финалда кейін кәсіби бокста тамаша табыстарға жеткен Андрей Еськинмен кездесіп, ұпай санымен жеңіліп қалдым. Жасым болса 21-ге келді. Ол уақыт қиындау болды ғой. Қаражат жоқ, жарыстарға бара алмайсың. Содан қолғапты шегеге ілуге тура келді. Бір жағынан ата-анама қашанғы салмақ салайын, жұмыс істеу керек деп түйдім.

 

ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

– Әдетте үлкен спортпен қош айтысқандар жаттықтырушылыққа барады ғой...

– Менде де солай болды. Алғаш түрлі жұмыстар істеп жүрдім. Содан 2001 жылы Әділ ағайым «Локомотив» спорт залына жаттықтырушылыққа шақырды. Ол кездері Азат Қазиханов, Асқар Айжарықов, Асылан Боранқұлов, Қанат Махатов сияқты жақсы боксшылар болды. Осы жігіттерді жарыстарға алып барып жүрдім. Бірақ көңілім басқаға ауды да тұрды.

– Төрешілікке болар?

– Иә, дәл солай.

 

ТӨРЕШІ

– Сонымен төрешілік қалай басталды?

– 2001 жылы наурыз айында Ақтөбеде олимпиадалық ойындардың чемпионы Бекзат Саттархановт