Орталық қажетті құралдармен жабдықталған. Сегіз жүз дана тест қондырғысы бар. Екі күн ішінде тағы қосымша медициналық бұйымдар әкелінеді.
Гүлшара Әбдіқалықова орталықтағы медициналық құрал-жабдық қоры және адам ағзасында қауіпті індетті анықтауға арналған әдіс-тәсілдерімен таныса келе, өзекті проблемаларға да қанықты. Қазір орталыққа залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу үшін арнайы киімдер қажет. Өңір әкімі жауапты сала басшыларына осы бағытта нақты тапсырмалар жүктелді.
Осы күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барған аймақ басшысы емдеу мекемесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов өңірде коронавирустың таралуын болдырмау бағытында қолға алынған шаралар жөнінде есеп берді. Ауруханада ем алып жатқан науқастардың хал-ахуалын баяндады.
Аурухана жұмысымен танысқан Гүлшара Наушақызы емдеу орнындағы төсек орындарды көбейту жөнінде тапсырма берді.