28 Тамыз, 2013

«Жарияланбаған соғыс» жауынгері

346 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

(Туыстары Мәскеуде деп ойлаған, ал ол Вьетнамда жүрген)

Өткен ғасырдың 60 - 70 жылдары 1 мамыр, 7 қараша, тағы басқа да «қызыл мерекелерге» байланысты шеруде айтылатын ұрандар баспасөз беттеріне басылатын. Кілең «Жасасын!» деген ұрандармен қатар, «Анджела Дэвиске бостандық берілсін!», «Тарт, қолыңды Вьетнамнан!», «Жойылсын империализм!» деген сияқты «жұдырық түюге» шақырған ұрандар да қаптап жүретін.

1348108342 vietnam sm03

(Туыстары Мәскеуде деп ойлаған, ал ол Вьетнамда жүрген)

Өткен ғасырдың 60 - 70 жылдары 1 мамыр, 7 қараша, тағы басқа да «қызыл мерекелерге» байланысты шеруде айтылатын ұрандар баспасөз беттеріне басылатын. Кілең «Жасасын!» деген ұрандармен қатар, «Анджела Дэвиске бостандық берілсін!», «Тарт, қолыңды Вьетнамнан!», «Жойылсын империализм!» деген сияқты «жұдырық түюге» шақырған ұрандар да қаптап жүретін.

Уалихан ЖагыпаровБала болып білмегендіктен, үлкендерден сұрай қалсақ, ауылдағы «саяси шолушылар»: Анджела деген апаң Америкадағы жауыздықпен күресуде, сол үшін түрмеге қамап тастады, – деп түсіндіретін. Қайран балалық-ай, сол апамызға қатты жанымыз ашитын. Осы бір қазақы тілмен айтқанда «Әмрика» деген елде кіл жауыздар тұратын болар деп ойлайтын едік.

Ал 80-жылдардың ортасында тағы бір «сақалды атамыз» Ақ үйдің алдына аштық жариялап жатып алды. Ақ үйдің сол кездегі қожасы Р.Рейган бұл қартқа «өлсең өмірем қал» деді ме, ешқандай қарсылық жасамады. Америкалық демократия деген осы. Қазіргі күнде сол «қара апамыздың» да, аштықтан бұратылған «сақалды атамыздың» да тағдырынан хабарсызбыз. Енді ой таразысына салып қарасақ, мұның өзі де екі саяси жүйенің арасындағы идеологиялық майдан екен.

Кеңес Одағы «ұран» айтып қарап жатпай, сарбаздарын да, қару-жарағын да жеткізер жеріне апарған екен. Осынау «жарияланбаған соғыста» біздің ел сарбаздарының керзі етігінің ізі дүниенің төрт бұрышында қалыпты.

Ал біздің кейіпкеріміз Вьетнамда арнайы әскери борышын өткізген – Уәлихан Жағыпаров.

Әжібай ауылының тумасы Уәлихан 1984 жылы Қиыр Шығыстың Амур облысындағы әскери аэродромда әскери борышын өтеп жатқан болатын. Ол осыған дейін Хабаровскінің Ванино қаласында арнайы оқу курсынан өтіп, әскери истребительдің механигі мамандығын алып шығады.

Сол кезді Уәлихан былай деп әңгімелейді:

– Бір күні кеште эскадрилия инженері әр мамандық бойынша арнайы дайындығы бар 4-5 адамды шақырып алып, бір алыс шетелге қызметтік іссапарға шығуға келісімімізді сұрады. Әскери қызметте болғанмен, арнайы келісімге қол қою керек болды.

Ертеңгі күні полк командирінің саяси істер жөніндегі орынбасары біздің арнайы іссапармен шетелге шығатынымызды, бірақ ол туралы әзірше елге хабарламауға нұсқау берді. Содан кейін бізді Спасск Дальный қаласына әкеліп, әскери әуе күштерінен әскери теңіз флотына ауыстырып, екі жұма бойы арнайы дайындықтан өткізді.

Дайындық кезінде ерекше бөлім қызметкерлері келіп, әскери құпияны сақтау туралы қолхат алды. Климаты ыссы және ылғалды елге баратынымызды айтып, неше түрлі вакциналар екті. Бір күні кеште Хабаровск қаласына әкелді. Әскери киімдеріміз бен құжаттарымызды қабылдап алып, азаматтық киім және шетелге шығуға виза соғылған азаматтық төлқұжат берді. Сол құжат бойынша әуежайда бөлек терминалдан өтіп, ИЛ-62 аэробусына отырғызды. Содан 10 сағаттай ұшып, Оңтүстік Вьетнамдағы Камрань түбегінде орналасқан нысанға келіп қондық. Бұл жерде күн өте ыстық әрі ылғалды болады екен. Моншада жүргендей сезінесің. Оттегінің тапшылығы байқалады, 10 күндей карантиннен өттік. Осы 10 күннің ішінде бірге келген 90 матростың 30-ын дәрігерлер елге қайтаруға мәжбүр болды.

Ал біз қазақ жігіттері даланың аңыздығы мен аптап ыстығына пісіп өскесін бе, көп қиналмадық. Біз барған «Камрань» гарнизоны бұрын америкалық әскери база болған екен. Ұшақтардың ұшу – қону айлақтары, коммуникациялық желілері, ангарлар сол қалпында сақталған және сапалы. Мықтылығымен тәнті қылды. Вьетнам соғысында американдық ұшақтар осы аэродромнан көтеріліп, Солтүстік Вьетнамға ажал нөсерін сеуіп отырған екен.

Енді мұнда кеңестік әскери теңіз эскадрилиясы, теңіз әуе күштерінің полкі және Вьетнамдық зениттік-ракеталық батальон, екі әскери қызмет көрсету ротасы, екі елдің госпиталі орналасты.