Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда обсервациялық орталық ашылды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

Нұр-Сұлтанда обсервациялық орталық ашылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық аурухана (Желтоқсан 36) базасында обсервациялық клиника ашылды. Бұл медициналық нысан бір ауысымда 150 адамды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, коронавирусқа күдікті адамдардың қажетті зертханалық-диагностикалық тексеруден өту мүмкіндігі қарастырылған. Қазіргі уақытта вирус жұқтыруы мүмкін екі пациент аталған клиникада тексеруден өтіп жатыр.