28 Тамыз, 2013

Құмдағы із

1021 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ҚұныскерейКезінде Батыс Қазақстан облысы, Тайсойған өңірінде Кеңес үкіметінің орнауына қарсы болып, «банды» атанған атақты Құныскерей Қожахметұлы тағдырын суреттеген жазушы Марат Мәжитовтің «Құныскерей» атты жаңа романын құныға, бас көтермей оқып шықтым. Ең алдымен, бөле-жара айтарым, роман сюжеті қатерлі, қанды оқиғаға толы, тілі көркем. Арыстан жүрек қаһарманның ауыр да, азапты өмір жолы бірде күйіндіріп, бірде сүйіндіріп, мені бір сәт те бей-жай қалдырмады. Мұны романды оқыған әр оқырманның да ерекше сезінері анық.

ҚұныскерейКезінде Батыс Қазақстан облысы, Тайсойған өңірінде Кеңес үкіметінің орнауына қарсы болып, «банды» атанған атақты Құныскерей Қожахметұлы тағдырын суреттеген жазушы Марат Мәжитовтің «Құныскерей» атты жаңа романын құныға, бас көтермей оқып шықтым. Ең алдымен, бөле-жара айтарым, роман сюжеті қатерлі, қанды оқиғаға толы, тілі көркем. Арыстан жүрек қаһарманның ауыр да, азапты өмір жолы бірде күйіндіріп, бірде сүйіндіріп, мені бір сәт те бей-жай қалдырмады. Мұны романды оқыған әр оқырманның да ерекше сезінері анық.

Жазушы М.Мәжитов кейіпкерін әсірелеуге, артық дәріптеуге бармайды, керісінше, сол заман-кезеңнің шындығы аясында, нақты деректер негізінде суреттеп, Құныскерейдің еркіндікті, әділдікті сүйетінін, озбырлыққа, өктемдікке жаны қас екенін, әділетсіздікке төзбейтінін, сол жолда неден де болса тайынбайтынын шебер көрсете алған. Оның әрбір іс-әрекетінен, арман-мүддесінен бүкіл қазақ халқының бейбітсүйгіш, өр де намысқой, арманшыл бейнесін танығандай боламыз.

Романда қанды оқиға көп болғанымен ерекше көңіл аударар, жан дүниеңді өзіне баурар жай – Құныскерейдің бойында ерлерге тән қасиет мол. Ол құралайды көзге атқан мерген, алып күштің ғана емес, ақыл-ойдың да иесі. Ел, жер жағдайын жақсы біледі. Тарихтан да, саясаттан да хабардар. Оны қызылдар барынша жек көргенімен, халық қолдайды. Не үшін «банды» атанып жүргенін де түсінеді.

Сөзіміз дәлелді болу үшін мына сөйлемдерге назар аударалық. «Келесі үйден ұзын бойлы, тарамыс денелі қарт шығып, бұларды қарсы алады. Басына ескі сеңсең бөркін қоқырайта киген, қолында таяғы бар ол шырт түкіріп қойып, екеуі сәлем беріп үлгергенше:

– Иә, жігіттер, манадан бері қарап тұрмын, жүрістерің суыт сияқты, киік қуып жүрген жоқпысыңдар. Мылтықтарың бар ғой, – деп кекесіндеу сөйледі.

– Дұрыс айтасыз, ақсақал, адамның киігі банды Құныскерейді қуып жүрміз, – деді Әлім қартқа қос қолын ұсынып.

Қарттың жүзі көпе-көрінеу сұрғылт тартты. Онсыз да даланың сүрлеу жолындай қиғаш-қиғаш әжім түскен маңдайы тыржиып, әжімі көбейе әрі тереңдей түсті. Сығырайған көзінде жалт еткен жағымсыз да, ашулы көрініс пайда болып, лезде сөнді. Ақселеу, сиректеу мұрт басқан жымыңқы ерні дір-дір ете қалды. Салалы саусақтары түйіліп, дереу жұдырыққа айналып бара жатты.

– Адам киікке айналған заман ғой, шырағым, бірақ жолбарыстың өзіне қарсы шабатын киікте де жүректі теке бар».

Бұл ұзақтау үзіндіні әдейі келтіріп отырмыз. Мұнда халық өкілі ақ сақалды қарияның қызыл белсендіні жақтырмай, Құныскерей ерді ұнататын көңіл-күйі тамаша бейнеленген. Әсіресе, жазушының қарттың бет құбылысындағы өзгерістерді суреттеу арқылы оның ішкі әлеміндегі арпалысты сұңғыла байқампаздықпен көз алдымызға жанды елестете алған. Сөйтіп, оның қызыл белсенділерді жек көретінін, керісінше, дала тағысындай еркін, ерке өскен, ержүрек Құныскерейге бүйрегі бұратынын тамаша аңғартқан.

Өмірде не көп, оқиға көп. Оны суреткерге тән шеберлікпен суреттеу қиынның қиыны. Ол үшін кім болмасын табиғатынан суреткер болуы керек. Онсыз жұрт жүрегін жаулап алу қиын. Бұл ретте М.Мәжитовті суреткер жазушы деп толығымен айта аламыз. Оған оның әр құбылысқа жан бітіріп, Құныскерей тағдырын өзіндік тыныс-тіршілігімен көз алдымызға бар болмысымен елес­тете суреттеуі дәлел. Әсіресе, автордың құмды дала бейнесін негізгі тартыс төрі ретінде өзінше бейнелеуі үлкен жетістік.

Куныскерей1

Рас, бізде баяндауға құрылған шығармалар да бар. Әділін айтсақ, ол көркем туынды емес. Ал «Құныскерей» – көркем туын­ды.

Енді романның бас кейіпкері бейнесіне келсек, ол өз биігінде көріне алған. Жазушы ұсақ, характер сырын ашпайтын оқиғ