28 Тамыз, 2013

Түйгені:«Тоқтам!»

319 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

...1974 жылдың 10 қыркүйегі. Шилі! Торғайдан 120 шақырымдай қияс жатқан кеңшар орталығы бұл. Қайнекейдің шараналы-кіндік жер жаннаты! Мәңгілік мияты! «Іңгәсін» алғаш сүйіншілеген сабатты жұмақ-жұрты. Осыдан оқу аңсап Алматыға аттанған. Енді осында халі нашарлап оралып, әлсіз күйде жатыр... Қыбырлауға әл-дәрмені жоқ. Танадай көзі бұл дүниеден сырғақси береді. Кенет жұмылып кетеді, іле ауырлап сығыраяды. Еріні арагідік жыбырлайды... Бірдеңе дегісі келе ме?..

01...1974 жылдың 10 қыркүйегі. Шилі! Торғайдан 120 шақырымдай қияс жатқан кеңшар орталығы бұл. Қайнекейдің шараналы-кіндік жер жаннаты! Мәңгілік мияты! «Іңгәсін» алғаш сүйіншілеген сабатты жұмақ-жұрты. Осыдан оқу аңсап Алматыға аттанған. Енді осында халі нашарлап оралып, әлсіз күйде жатыр... Қыбырлауға әл-дәрмені жоқ. Танадай көзі бұл дүниеден сырғақси береді. Кенет жұмылып кетеді, іле ауырлап сығыраяды. Еріні арагідік жыбырлайды... Бірдеңе дегісі келе ме?..

Иә, дегісі келетін секілді. Әттең, байланған тіл іштей күмбірлегенімен, сыртқа күлдір-күлдір кісіней алмайды. Шақұр-шұқыр еткен тісі арасынан сызбақталып, әлдене бір уіл-қыжыл суырылады. Сонда сал боп қалған жарты денеге жеңіл діріл жүгіріп өткендей боп, әлде көз алдау, әлде нақ бір серпіліс нышанындай үміт шоғын үрлеп кетер. Бір сәттік алданыш ілкі жұбаныш боп жарымады. Бәрібір шерменді жүрек, елу алты жыл арқалаған батпан жүгін безбендеп, безірейе түскендей еді...

Тілден арагідік пәс­тен­генімен, ойы қырғидай іліп түскіш-ақ. Қызыл көр­гендей әрнені қия­дан шалып құмарта, ләз­зат­тана жұтынады.Уай, бәрі өткінші екен! Тау­сыл­майтындай қызығы енді жан азабының табасында шыжғырылып жатқаны мынау. Осы мамырда Алматыдағы аурухана есігінен құдды Төлеген Айбергеновтей қою шашы қобыраған, түр-түсі де ұқсас Жақсылық Жүнісұлы інісі жүрексіне сығалап, ішке кіргенде оған әй-шәй жоқ: «Ел аман ба?», деп дүңк еткізген. Сыралғы інісі мөлтілдеген көз жасын тыйя алмай, басын шарасыздықпен изеген. «Кешегі бұлаңдаған асау ағам шынымен осы кісі ме?!», дегендей аңтарыла, жәудірей қарағаны есінде. Содан оңалмады ғой. Сырқаты меңдей түсті. Ауылына аңсары ауа берді. Жусанның жұпарымен көкірегін ыстатқысы бар. Торғай айтқыштарының әзіл-қалжыңы көңіл-сарайын тазалап тастайтындай құмарланады. Кесті-пішті. Еліне жиналды. «Апарыңдар ауылыма!» деді көктен түскендей гүжілдеп.

Сөйтіп, Алматымен ғайыптан қоштасты. Әне, төменгі қабаттағы пәтерінің терезе тұсындағы алып қараағашқа айызы қанғандай боп, емірене көз салды. Сүйенген тірегі. Сүйкімді ағашы. Ақындығының ақылшысы. Өмірінің кейбір азапты тұсының азалы куәгері һәм елгезек қамқоршысы. Мұңлы үні сіңген түйетабан жапырақтары «қош, Қайнекей!» дегендей мұңая жайқалып, өкситіндей ме? Бірі Қаныш Сәтбаевтың туған күйеу баласының үйі деп келсе, бірі қазақтың дарабоз ақыны, әрі мемлекет және қоғам қайраткері Қайнекейдің өзін іздеп келеді. Оның энциклопедиялық ұшан-теңіз білімімен сусындауды аңсайтындар өзінше бір шоғыр. Дүние-ай десейші, бәрі-бәрі елес қазір. Артында Алматысы қалды, әлгі қараағашы күзеткен дулы-шулы шаңырағы, ондағы ешкімде жоқ бай кітапханасы жетімсіреді. Иә, оны әзірге аманаттаған... Ғұмырлық жиған-тергенін кешеуілдетпей Торғайына жеткізуді мықтап тапсырып кеткен. Шаһарда қимас зия­лылары жетіп артылады. Өмір озған сайын селдірей береді екен. Біреулері абыроймен бақилық болса, кейбірі тұрмыс тауқыметімен тоз-тозы шығып түтеленіпті. Өзін қандай сарапқа салар еді, бәтір-ау!..

Қимылсыз, ғаріп боп қалған Қайнекейді алдымен Торғайға жеткізген. Ем-дом бәрібір қонбады. Бітпейтіндей көрінген дәм-тұзы түгесіле бастағандай ма... Мүмкін, бір дәруі жұғысты болар ма деп кіндік қаны тамған Шилісіне елеңдеді. Кезеріп, домбыққан ерніне: «Иә, Шилі! Өз Шилім! Шиліме жеткізіңдерші!»– деген үлбіреген емеурін ілініп қалғанын сезіп, түсінгендер ақын тілегін бұлжытпай орындаған-тын. Шилідегі ендігі жатысы, мынау... Қызуы көтеріліп, қыстыққанда «уһлей» ашылған аузынан қызыл тілі қобарсып жылт ете қалады. Нәті, бірдеме дегісі келеді-ау...

Сыртқа шықпаса да, ойы түскір, былайша тулап, мазасыздандырып жатыр еді: «Қай қиынға тікпедім ғазиз басты, Шарладым ғой шартарап, тау мен тасты. Етегімнен ұстаған елпекбайлар, Кісі болды, мүгедек менен қашты». Осыдан бір жыл шамасы бұрын, нақтылап айтқанда, 1973 жылдың 10 қазанында, қатты күйзеліс үстінде жатып жазған «Тоқтам» деген өлеңінің басы еді бұл. Небары төрт қана шумақ. Осының алғашқы жолдарын әрең есіне түсіріп, ентіг