28 Тамыз, 2013

Елдігіміздің арқауы

295 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

1995 жылы 30 тамызда Қазақ­стан халқы өзінің тарихи таңдауын жасады. Бұл күні бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл шын мәніндегі халықтық таңдау еді. Өйткені осыған дейінгі Конституциялар өкілетті органдардың шешімімен қабылданған болатын. Тәуелсіз еліміздің Ата Заңында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп, ал оның ең басты құндылығы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.

конституция-РК

Мамраев1995 жылы 30 тамызда Қазақ­стан халқы өзінің тарихи таңдауын жасады. Бұл күні бүкілхалықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл шын мәніндегі халықтық таңдау еді. Өйткені осыған дейінгі Конституциялар өкілетті органдардың шешімімен қабылданған болатын. Тәуелсіз еліміздің Ата Заңында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп, ал оның ең басты құндылығы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады.

Еліміздің Ата Заңы адамзат баласының жүздеген жылдар бойы қалыптасқан жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Біздің тәуелсіздігіміздің кепіліне айналған Конституция – бабалардың даналығы мен қазіргі заманның рухын бірлестіре үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың теңдігін тегіне қарамастан бекіткен ұлы құжат болды.

Президент Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев өзінің «Қазақ­стан жолы» атты еңбегінде: «Конс­ти­туцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыстар атқарылды. Көптеген конституциялар, әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданғандары мұқият сараптаудан өткізілді. 1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Егемен Қазақстанда Конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелер, сондай-ақ біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетелдік тәжірибелер барынша толық пайдаланылған еді», деп көрсетті.

Ата Заңымыз мемлекеттіліктің барлық арман-мүддесін толық қамтыған, елімізде жүзеге асқан және жүзеге асатын саяси, эконо­­­микалық және әлеуметтік жаңа­рулар мен жетістіктердің құқықтық тұғыры ретінде баға­ланды. Ол Қазақстанның тәуел­сіздігін түбегейлі айқындап, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен бекуінің нық негізін қалады. Жаңа Конституция өз күшіне енгеннен кейін кеңестік сипаттағы жалған демократия мен жалаң биліктің белең алуына жол берілмей, әлемдік өркениетке тән рухани құндылықтар мен саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге жол ашылды. Сонымен қатар, еркіндік пен теңдік сезімдері терең, тарихи, мәдени, рухани дәстүрі бай ежелгі қазақ халқының өзіндік ұлттық даму ерекшеліктері де ескерілді.

Ұлттық рухымыздың адас­тырмас темірқазығындай болған Конституция аясында 18 жыл ішінде қабылданған 1800-ден астам заңдар қоғамдық өмірдің әр саласында тиімді қолданылып, ел тыныштығы мен ұлт бірлігінің бекуіне ықпал етті. Сонымен бірге, экономиканың өрлеуі мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына да ықпал етті. Тоғыз бөлімнен тұратын Конституцияда «Адам және азамат» деп аталатын бөлім елдің ең асыл қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандығын қорғауға арналған. Атап айтқанда, 30-бап адамның құқығы мен бостандығы өмірге келген сәтінен бастап, оған тиесі­лі екенін және оған ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтінін бекітеді.

Біз адам болып өмірге келеміз, азамат болып қалыптасамыз. Мемлекетіміздің мәртебесіне, оның қорғауында болатынымызға сенгенде және өз құқықтарымызды біліп қана қоймай, оны қорғай білгенде азамат екенімізді сезінеміз. Ал, Қазақстан азамат­тарының Конституциямен кепіл­дендірілген құқықтары мен бос­тандығының аясы кең, ауқымы зор. Тарқата айтқанда, ұлты, тегі, түсі, тілі, діні, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы бойынша ешкім қуғындалмауы; сөз және шығармашылық бостандығы; еңбек ету, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығы; білім алу, отбасы құндылықтарын қорғау, жеке меншігі