28 Тамыз, 2013

Ұқыптылықтан ұтарымыз көп

241 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

image005«Судың да сұрауы бар» демекші, бүгінде біз табиғат байлығының да күндердің-күнінде таусылып, тапшылық тудырарына көз жеткіздік. Оған бірден-бір себеп – адамзаттың ысырапшылдығы мен үнемсіздігі. Ал бұл – бүкіл экономика үшін аса қауіпті мәселе. Осыған дабыл қаққан әлем елдері соңғы кездері үнемдеу шараларын мұқият қолға ала бастады. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстарға Қазақстан да қарқынды кірісуде. Әсіресе, энергетика саласын сақтау үшін үнемшілдіктің үлесі зор. Осыған орай энергия үнемдеу мәселелері Үкіметтің селекторлық режімдегі кешегі отырысында да қаралды.

 

«Судың да сұрауы бар» демекші, бүгінде біз табиғат байлығының да күндердің-күнінде таусылып, тапшылық тудырарына көз жеткіздік. Оған бірден-бір себеп – адамзаттың ысырапшылдығы мен үнемсіздігі. Ал бұл – бүкіл экономика үшін аса қауіпті мәселе. Осыған дабыл қаққан әлем елдері соңғы кездері үнемдеу шараларын мұқият қолға ала бастады. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстарға Қазақстан да қарқынды кірісуде. Әсіресе, энергетика саласын сақтау үшін үнемшілдіктің үлесі зор. Осыған орай энергия үнемдеу мәселелері Үкіметтің селекторлық режімдегі кешегі отырысында да қаралды.

Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың қаңтарында өткен кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Энергия үнемдеу-2020» бағдар­ла­масын әзірлеу жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Міне, осыған байланысты әзірленген бағдарлама кешегі Үкімет отырысында талқыланды. Отырысқа төрағалық еткен Серік Ахметов бұл бағдарлама Елбасының 2015 жылға дейін энергия ресурста­рын тұтынуды жыл сайын 10 пайызға төмендету туралы мін­детті тапсырмасын орындау мақсатында жасалып отырғанын атап өтті. Бұл міндеттің орындалуы – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және­ энергетика қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге үлкен үлесін ти­гіз­бек.

Бағдарламаның жалпы маз­мұны бойынша Индустрия және жаңа технология­лар вице-ми­нистрі Нұрлан Сау­ранбаев баяндады. Оның айтуынша, талқылаулар барысында жергілікті атқару орган­дарының өнеркәсіптік және тұрғын үй-коммуналдық кә­сіп­орындарының, қоғамдық ұй­ымдардың, сондай-ақ, тиісті мем­лекеттік органдардың ұсы­ныс­та­рын ескере отырып, бағ­дарламаға жаңа энергия тұты­ну жүйесін құру бойынша жұмыс­тардың негізгі бағыттары енгізілген. Сондай-ақ, энергия үнемдеу саласында энергия тиімділікті экономикаға кө­шуге алғышарттар жасалып, қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды. «Энер­гия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» жа­ңа заңды жү­зеге асыру бойынша 22 норма­тивтік-құқықтық актілер бекітілді.

Вице-министр «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасының бағыттарына тоқталып, оны жүзеге асырудың шаралары туралы да айтып өтті. Атап айтқанда, 3000-нан астам энергия тұтыну нормативтері белгіленіп, энергия тиімділігі бойынша 200-ден астам техникалық стандарттар талаптары бекітілген, ғимараттар мен қарапайым тұрмыстық энергия пайдаланатын құралдар үшін энергия тиімділігі санаттары енгізілуде, бұл ережелерді сақтау бойынша қатаң бақылау мен мониторинг жүргізіліп жатыр.

Вице-министрдің хабарлауынша, 16 өңірлік және 5 салалық энергия үнемдеу жоспарлары орындалуда, Мемлекеттік энергетикалық тізілімдегі нысандар тізбесіне 11712 субъект енгізілген. Оның ішінде 727 өндірістік, 2938 мемлекеттік кәсіпорындар, 8000 мемлекеттік мекемелер бар.

«Заңға сәйкес барлық ірі энергия тұтынушылар үшін ауқымды энергия аудиттерін жүргізу ісі бастау алды. 2015 жылдың шілдесіне дейін 2 мыңнан астам өндірістік кәсіпорындар энергия аудитінен өтуі тиіс. Сонымен бірге, 50 пайыздан астам энергия қуатын пайдаланатын өндірістік секторлар айрықша назарда болады, деді Н.Сауранбаев.

Энергия аудиті қоры­тындылары бойынша жасалған ірі энергия тұтынушылардың энергия үнемдеу жоспарларын жүзеге асыру жұмыстары келесі жылдан басталады деп жоспарлануда. 2015 жылдан бастап энергия аудиті нәтижелеріне сәйкес өнеркәсіп және энергетиканы жаңғырту, үйлер мен бюджеттік секторларды терможаңғырту, автопарктерді жаңарту, диодты жарықтандыруға көшу, құрылыстарды энергиялық тиімділікпен салу сияқты негізгі кезеңдік жұмыстар жүргізілетін болады.

Энергия үнемдеу саласына мемлекеттік қолдау шарала­ры ұсынылмақ, яғни гранттар, технологиялық бизнес-ин­кубация­лау, сондай-ақ, «Өнім­­ділік-2020» бағдарламасы ар­қылы энергия тиімділігін арттыру теті