28 Тамыз, 2013

Ауыл шаруашылығын жаңғырту – уақыт талабы

554 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылжар өңірінде жұмыс сапарымен болды. Елбасы орақ науқанының барысымен танысып, агроөнеркәсіп кешені саласы өкілдерімен кездесті.

03ЕК-СКО

 

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылжар өңірінде жұмыс сапарымен болды. Елбасы орақ науқанының барысымен танысып, агроөнеркәсіп кешені саласы өкілдерімен кездесті.

04-СКО

05-СКО

ЕГІНШІЛІК САЛАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ

Агроөнеркәсіп кешені ал­дында тұрған келелі мәсе­ле­лердің бірі ретінде атап көрсетілді.

Айыртау ауданының Сейілбек Махметов басқаратын «Злато­гор­ка» ЖШС егін орағы секілді аса жауапты науқанға бір кісідей кірісіп, еңбек көрігін қыздыра түскен. Мұнда 9800 гектар егістіктің 4 мың гектарына майлы дақылдар себілген. Бидай алқаптарының шығымдылығы 30 центнерден айналып отыр. Осында атбасын тіреген Елбасы даңғайыр диқан басқаратын ұжымның маңдай термен өсірген ел ризығының сапасына көңіл аударып, ризашылық сезімін жасырмады. Бұдан кейін облыстың ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесіп, биыл да астықты өлкеде өнімнің бітік шыққанын, ендігі басты міндет ысырапсыз жинап алу екендігін атап көрсетті. Сосын өңір басшысы Самат Ескендіров облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын баяндады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын басты бағдар ретінде алған солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік-экономикалық да­му­дың негізгі көрсеткіштері бойынша жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Агроөнеркәсіп кешенінің дамуында оң серпін байқалады. Бүгіндері экспортты әртараптандыруға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға жол ашып отырған ауыл шаруашылығы негізгі табыс көздерінің бірі болып саналады. Облыс тұрғындарының жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұратындықтан, бұл саланы үдемелі түрде алға бастырудың әлеуметтік те, экономикалық та маңызы зор. Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында елді мекендерге 156 жас маман тартылып, түгелдей көтерме жәрдемақымен қамтылды. Олар тұрғын үйлерді жылдық 0,01 пайыз жеңілдікпен алу құқығына ие. Аграрлық сектордағы жетістіктер, ең алдымен, мемлекеттің аграрлық кешенді қуатты қолдау сая­сатымен тығыз сабақтас. Осыдан-ақ астық өндірісі облыс экономикасының басты көрсеткішіне айналғанын байқау қиын емес. Оның үстіне әлемдік астық рыногында ұзақ мерзімді сұраныстың арту үрдісі экспортқа бағытталған астық өндірісін дамыту қажеттігін алға тартады. Үстіміздегі жылы өңір диқандары 3,6 миллион гектар алқапқа бітік егін өсіре білді. Егіншілік мәдениетін арттыру және техникалық қайта жарақтандыру бойынша қарқынды шаралар атқарылды. 3,5 миллион гектардан астам жерге дәнді дақылдар өсірудің жаңа ресурс үнемдеу технологиясы игерілді. 8,7 миллиард теңгеге 658 бірлік осы заманғы техникалар сатып алынды. Әрбір төртінші техника лизинг шартымен әкелінді. Агроқұрылымдарды астық сақтайтын сыйымдылықтармен қамтамасыз ету жайы жан-жақты ойластырылған. Сыйымдылығы 39 мың тонна болатын екі элеватор пайдалануға берілсе, жыл аяғына дейін 150 мың тонналық 8 астық сақтау нысандарын іске қосу жоспарланған.

Егіншілік пен мал шаруашылығына бөлінетін демеу қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. 2013 жылы бюджеттен ауыл шаруашылығына қарастырылған қаражат 27 пайызға көбейіп, 9,8 миллиард теңгеге жеткен.

Алқалы жиында Ауыл шаруашы­лы­ғы министрі Асылжан Мамытбеков егіншілік пен мал шаруашылығына қатысты мәселелерді, субсидиялаудағы өзгерістерді, оның ішінде жергілікті қазына есебінен инвестициялық қар­жыландырудың тиімділігін әңгімеледі. Ірі шаруашылық жетекшілері Еркебұлан Мәмбетов, Серік Малаев және Иван Фисенко Отан қамбасына Қызылжардың сапалы астығы құйылатынына сендіре отырып, жан-жақты қолдауы үшін Елба­сыға ризашылық сезімдерін жеткізді.

Мен өз Жолдауларымда ауыл шаруашылық өндірісін арттырып, жаңа сапалық деңгейге көтеру мәселелерін үнемі қозғап келемін. Жаңа технологияларды кеңінен қолдана отырып, егістік түсімін елеулі түрде арттыруға біздің қабілетіміз де, тәжірибеміз де, қаржылық күшіміз де жетеді. Оған сіздердің биыл мол астық өсірі