Әлем • 31 Наурыз, 2020

Америкамен шекараның жабылуынан миллиондаған мексикалық жұмыссыз қалды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең ірі жаяу жүргіншілер шекарасы жабылды. Дүние жүзінде коронавирустың өршуі Мексикадан Америкаға келіп жұмыс істейтін миллиондаған мексикалықтардың табыс табуына кері ықпал етті.

Америкамен шекараның жабылуынан миллиондаған мексикалық жұмыссыз қалды

Reuters мәліметтеріне сүйенсек, бұл жағдайдан 3144 шақырымға созылып жатқан шекара маңындағы қалаларда тұратын кем дегенде миллионнан астам мексикалықтар зардап шегіп отыр.  Салдарынан заңды виза алу, отбасына бару, медициналық және сауда-саттық қызметтері қолжетімсіз болып қалды. Бұдан әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты өнеркісіптер зиян шегіп отыр. Шекарадан өту карталарын ресми иеленушілер Тихуан, Ногалес, Сьюдад-Хуаресте көптеп саналады. Екі ел арасында рұқсат картасын пайдаланбай заңсыз өтетіндердің көптігін иммиграциялық қызмет өкілдері де растап отыр. Ал АҚШ-тың Мемлекет департаментінің мәліметі бойынша  2015 жылдан бергі аралықта 10 жыл мерзімге 4 миллионнан астам карталар әзірленген. Пандемия кезеңіне дейін өткен жылы кедендік және шекаралық бақылау агенттігінің деректері бойынша Мексикадан АҚШ-қа күнделікті  950 000 адам өтіп отырған.