Футбол • 31 Наурыз, 2020

Футбол: Коронавирус «Жилинаның» түбіне жетті

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустің кесірінен әлемнің көптеген мемлекеттерінде футбол чемпионаттары тоқтатылғаны белгілі. Соның салдарынан түрлі командалар шығынға белшеден батуда.

Футбол: Коронавирус «Жилинаның» түбіне жетті

Күні кеше осы індеттің салдарынан тарап кеткен алғашқы футбол клубы жайында ақпарат тарады. Ол – Словакияның «Жилинасы». Айтулы ұжым 1908 жылы құрылған болатын. Чехословакияның іргесі сөгілмей тұрған тұста команда атауы сан мәрте өзгерді. Словакия өзінің жеке біріншілігін өткізген кезден бері «Жилина» жеті рет чемпиондық атаққа қол жеткізіп, төрт мәрте күміс медальді иеленді. 2012 жылы ел кубогын иеленсе, 2011 және 2013 жылы финалда ойнады. Словакия суперкубогын бес мәрте олжалады. 2010-2011 жылғы маусымда Чемпионадар лигасының топтық турнирінде өнер көрсетті.  

Сөйтіп, коронавирус 111 жылдық тарихы бар команданың түбіне жетті. Қаражат жағынан қатты қиналғаннан кейін «Жилинаның» басшылары клубтың таратылатыны жайында жария етті.