29 Тамыз, 2013

Әділеттіліктің әліпбиі

579 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ғасырлар тоғысында Қазақ­станның көгіне көтерілген Тәуел­сіздік туы ел өміріне жарқын болашақтың есігін ашты. Сан жылдар бойы халқымыз армандаған егемендікке қол жеткіз­­дік. Бұл қабылданған тарихи шешім ұрпақ үшін ұлағат. Ендеше, байыппен өткенге көз жүгір­тіп, еліміздің қас-қағым уақыт ішінде жүріп өткен жолын ойша таразылайық. Дана халқымыз: «Өткен күн, кеше – тарих. Ке­лер күн, ертең – сыр. Бүгінгі күн – үлкен сый», деп бекер айтпаса керек. Бұдан бейбіт күн­нің бағасын тарихтағы таңбадан танып білеміз. Қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы ретінде сөз құдіреті мен заң құдіретін сақтап қал­ған халқымыз бостандық, тәуел­сіздік ұғымдарына жіті мән беріп, оны сақтап қалуды мәң­гілік мұрат тұтты. Ақыры Алаш елінің көксеген арманы орындалып, 1991 жылғы 16 жел­тоқсанда Тәуелсіздік декларациясы қабылданып, үлкен бетбұрысқа қадам басты. Тарих ғылымына да азаттық алғаннан бергі дәуірдің бергені, болмыс-бітімі, орны мен маңызы айрықша әрі бұрынғыдан мүлдем бөлек болды. Еліміз діттеген мақсатқа, көздеген нысанға, алға қойған межеге жету үшін саяси жүйенің заңнамалық тұғырын жасап, оның құқықтық негізін құру керек еді. Осылайша әбден кемеліне келген тұғырлы заңнама – Конституция дүниеге келіп, ол 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

ERA 4933

Сан жылдар бойы қалыптасып, жалпыға міндетті ережелерді қамтыған ең жоғары заңдық күші бар, Қазақстан Республикасының Конституциясы өмір талабына сай жасақтал­ды. Шынында да дала заңынан бастау алып, әділеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген Ата Заңды дайындау үшін қыруар жұмыстар атқарылғаны, қажыр­лы ізденістер жасалып, қан­шама талқылаулардың өткені, заңгерлеріміз бен білікті саясат­керлердің де заңды жазуға қатыс­қаны белгілі. Елдің игілігіне қызмет етуге тиіс, мемлекеттің бола­шағына бағыт беруді мақсат еткен заңды әзірлеу жұмыс тобына үлкен жауапкершілік жүктеді. Қазақы болмысты сақтай отырып, дамыған елдердің тәжірибелерін арқау еткен Ата Заңымыздың мемлекетіміздің болашағы үшін ұзақ жылдар қызмет ететіні сөзсіз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл құжатқа: «Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңда­уына айналған басты құ­жатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. Ғасырлар тоғы­сында әлемдік өркениеттің шыңы­на ұмтылған Қазақстан халқы тари­хи да тағдырлы ше­шім қабыл­дап, жасампаз жаңа дәуір­ге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жар­қын істеріміздің қай­нар бастау­ына айналды», деп үлкен баға берді.

Құжаттың авторы – бүкіл Қазақстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы президенттік басқару нысанын қолдады. Бұл таңдау билік тармақтарының арасында тепе-теңдікті сақтай отырып, тоқырауға жол бермейтін билік жүйесінің қалыптасу қажеттілігінен туындады. Мем­лекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлініп, олардың конституциялық міндеттері шегеленді.

Әрине, қай кезеңде болсын қоғамдағы түрлі сая­си және әлеуметтік күштер, аза­ма­ттық өлшемдер басым жағ­дайда негізгі заңның мәні мен мазмұнын айқ