29 Тамыз, 2013

Қыркүйек келді. Жиын-терін басталды

279 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде Бірыңғай астық холдингі құрылды. Жаңа құ­ры­лымның диқандар үшін пай­дасы қандай? Холдингтің басты мақсаты не? Бұрын ди­қандар «Азық-түлік корпорациясы» АҚ астықты өт­кізіп, қабылданған баға бой­ын­ша есеп айырысатын. Ас­тықтан түсетін пайда кор­порацияның қалтасына кетіп отырды. Енді, холдинг өнімді сатқаннан кейін табыс­ты шаруалармен бөлісетін болады. Холдинг құрамына кіру үшін шаруашылықтардан ешбір қаржылық немесе мүліктік жарна талап етілмейді. Көк­темгі егіс науқанына қар­жы­лай көмек алу кезінде қол­дау көрсетіледі. Осындай жа­ңа­лықтарды облыс диқандары қа­лай қабылдады, жалпы, алдағы астық жинау нау­қа­нына дайындық барысы қалай жүргізілуде? Бүгінде өңірде астық қабылдайтын орын жетіспейді. Диқандар күзде астық сақтайтын жер болмай қала ма деп отыр.

«Егемен Қазақстанның» облыстағы тілшісі Фарида Бықай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Жанат Шұғаевқа:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Холдингтің құрылуы ди­қан­дардың жаз бойы маңдай терін төгіп еңбектенген ең­бе­гінің ақталуына үлкен кө­мек деп ойлаймын. Ал биыл об­лыс­тағы жиналатын астықты ал­қап көлемі 854 мың гектар­ды құрап отыр. Жаз жауын-шашынды болды. Егіннің пісіп-жетілуіне, әрине, ауа райының қолайсыздығы әсер етеді. Биыл­ғы жазда Ертіс өзенінің суы мо­лынан жайылды. Қазір шаруа­лар қысқы жем-шөпті дайын­дауда. Жалпы, 1582 мың гектар алқаптан шөп жиналады. Соның ішінде 232 мың гек­­тарды жайылма алқабы құ­райды. Орта есеппен гектарына 6,8 центнер шөп жиналуда. Мәселен, Лебяжі ауданы 500 гектар жайылманы орып, 800 тонна шөп жинаған. Жоспар бойынша биыл шаруалар 1 миллион 215 мың тонна шөп жинап, 2 жылдық азық қорын әзірлеуі тиіс. Арзандатылған 4 мың тонна жанар-жағармай шаруаларға таратылды. Дизель отыны на­рық­тағы бағадан 21 пайызға арзан. Астықты жинау науқа­ны диқандарға оңай емес. Ыл­ғал­дың көптігінен егінді кептіру қажет. Ол үшін қосымша жа­нар-жағармай жеткілікті бөлу жөнінде ұсыныс та жасалды. Жанар-жағармай демекші, ас­тық жинау науқанына өңірі­мізге бөлінген арзан бағалы дизельді отын ауыл-ауылға дер кезінде жеткізілуде. Облыста 101 көкөніс сақтайтын қойма жа­ңа өнімді қабылдауға әзір. Олардың 67 пайызы замана­уи технологиялармен жаб­дық­талған. Жиын-терін жұ­мыс­тарына шығатын техникалар дайын. Еліміздегі қаржы инс­титуттары арқылы лизингке техника сатып алу тетіктері де жан-жақты түсіндірілуде.

Жергілікті элеваторлар жә­не Қалқаман кентінде ор­на­лас­қан элеватор өңір шаруа­ла­рының астықтарын қабылдауға әзірлік жұмыстарын жүр­гі­зу­де. Облыста 10 элеватор мен сыйымдығы 450,3 мың тон­на болатын астық қам­ба­сы бар. Сонымен бірге, ауыл­шаруашылық тауар­ларын өндірушілердің ас­тық­тарын сақтауға арналған сыйым­дылығы 692,2 мың тонна бола­тын 469 қойма бар. Алдын ала жа­салған болжамдар бойынша, орташа есеппен облыс ди­қан­дары бір гектардан 10-12 центнерден дәнді дақыл алмақшы.

Павлодар облысы.