29 Тамыз, 2013

Бұл – бостандық сүйгіш болмысымыздың айғағы

365 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 29 тамыз күні бүкіл әлем Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін төртінші рет атап өтпек. 2009 жылғы 2 желтоқсан күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, осы мерекені Қазақстанның бастамасымен бекітті. Бұл күн біздің еліміз үшін ерекше символды күн, себебі, осыдан 22 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан халқының еркіне орай Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қаулысымен Семей ядролық полигонының есігін мәңгіге жапты, бұл өз кезегінде үлкен өркениеттік маңызға ие болды. Сол кезден бастап 29 тамыз бүкіл Орталық Азия ядролық қарудан азат өңір мәртебесіне ие болу үдерісінің бастау алған күні болып саналды.

я5

 

8110 ИдрисовБүгін, яғни 29 тамыз күні бүкіл әлем Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін төртінші рет атап өтпек. 2009 жылғы 2 желтоқсан күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, осы мерекені Қазақстанның бастамасымен бекітті. Бұл күн біздің еліміз үшін ерекше символды күн, себебі, осыдан 22 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан халқының еркіне орай Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қаулысымен Семей ядролық полигонының есігін мәңгіге жапты, бұл өз кезегінде үлкен өркениеттік маңызға ие болды. Сол кезден бастап 29 тамыз бүкіл Орталық Азия ядролық қарудан азат өңір мәртебесіне ие болу үдерісінің бастау алған күні болып саналды.

Осыдан екі онжылдық бұрын Қазақстан атты жаңа ядролық державаның қалыптасуы тек уақыт мәселесі еді, алайда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси ерік танытып, Қазақстан «ядролық клубқа» мүшеліктен бас тартты.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Елбасы біздің қоғамның көпқырлылығына, қазақстандықтардың бостандық сүйгіш болмысына және басқа мемлекеттердің жақсы тәжірибесіне сүйене отырып жаңа мемлекет құра бастады. Және сол бірінші күндерден бас­тап Президент үшін ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде, жаппай қырып-жою қаруын таратпау және ядролық қарусыздану мәселелері бірінші кезекті басымдыққа ие болды.

Біздің еліміз Кеңес Одағынан мұраға қалған әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартып, сол кезден бастап «бейбітшілік эпицентріне» айналды. Ресеймен және АҚШ-пен ынтымақтаса отырып, ядролық оқтұмсықтар мен зымырандар елімізден шығарылып, жойылды, ал бұрынғы поли­гон инфрақұрылымы істен шығарылды.

Бұл саладағы тиімді ын­ты­мақтастықтың мысалы – өткен жылы бұрынғы Семей ядролық полигонындағы Дегелең таулы сілемінің кенді қазбаларында қалған жүздеген килограмм ядролық материалдардың пер­ма­нентті қауіпсіздігі мен консер­вациясын қамтамасыз ету бойынша қиын жұмыстардың аяқ­та­луы болды. Осылайша, бұл материалдардың қолды болуы мен жағымсыз мақсаттарда қолданылуының алды алынды. Қа­зақстан, Ресей және АҚШ пре­зиденттері өткен жылы Сеулде атап өткендей, осы жоба бойынша көпжылдық үшжақты ынтымақтастық өзара сенім және түсіністік рухында бірлескен іс-әрекеттер жасай отырып қана біз әлемді қауіпсіз және жақсырақ ете алатынымызды жарқын дәлелдеді.

Бұл тұрғыда Қазақстан мен Президент Назарбаевтың ғаламдық таратпау үрдісіндегі көшбасшылығының мойындалуы Вашингтон мен Сеулде 2010 және 2012 жылдары өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттерде толығымен расталды және бүгінде Қазақстан 2014 жылы Нидерландыда өтетін келесі осындай саммитке дайындық бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Семей полигонының жабылуымен ядролық таратпау мен қарусыздану ғаламдық үрдісінің жаңа кезеңі бастау алды. Қазақ­стан­дық полигонның жабылуымен Невададағы, Жаңа Жер, Лоб-Нор және Муруроа секілді әлемнің ірі сынақ алаңдары үнсіз қалды.

Осыдан он жеті жыл бұрын БҰҰ шешімі бойынша Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу жөнінде келісімге қол қою ашылған болатын, құжатқа Қазақстан алғашқылар қатарында қол қойды. Бұл келісімге бүгінге дейін 183 мемлекет қосылып, 157 ел құжатты ратификациядан өткіз­ді, соның ішінде Ресей, Ұлы­британия және Франция секілді мойындалған ядролық державалар да бар. Қазіргі кезде «ядролық клубтың» барлық мүшелері сы­нақ­қа салынған мораторийді сақтап отыр.

2006 жылғы қыркүйекте Қа­зақстан аймақтың басқа мем­ле­кеттерімен бірлесе отырып Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жария еткен Семей келі