30 Тамыз, 2013

Жаңғырту жұмыстарының жемісі

219 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Петропавл №2 жылу электр орталығы өздеріне жүктелген инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Стансаның көптен бері күрделі жөндеу көрмеген №6 қазан агрегатының қыздыру беттері толық ауыстырылып, күл ұстағыш жабдықтар орнатылды. Осылайша, қайта жаңартудан кейін бу өнімділігі сағатына 220-270 тоннаға дейін артты. Озық жобалардың жалпы құны 2 696,435 миллион теңге болса, олар шекті тарифтер және банктен алынған инвестициялық қарыздар арқылы толыққанды жүзеге асырылды. №7 қазандық агрегаты да қайта жаңартудың нәтижесінде қуаттылығы 220-270 тоннаға дейін, электр қуатының өндірілуі 53-65 мВт-ға дейін көбейіп, қоршаған ортаның эмиссиялары техникалық талаптарына сәйкестендірілді. Сондай-ақ, автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Осы жобаға жұмсалған капитал салымы 2 943, 856 миллион теңгені құрады. Қайта жаңарту арқылы шартты отынның үнемделуі №6 қазандықта 3938,2 тоннаны, №7 қазандықта 3715,3 тоннаны құрап отыр.

Бүгінде №8 қазандық агрегатының монтаждау жұмыстарының 70,5 пайызы орындалып, барлығы 4698,181 миллион теңге жұмсау көзделген. Жаңа агрегат іске қосылған кезде экологиялық және экономикалық үнемділікпен жұмыс істейтін болады.

ЖЭО-да атқарылып жатқан ірі шаралардың біріне әбден тозығы жеткен №4 турбина агрегатын Урал зауытының жаңа “Т-50/60-90” турбинасына ауыстыру жұмысын жатқызуға болады. Қазір жалпы жаңарту көлемінің 53,5 пайызы атқарылды. Бүгінде турбина корпусының төменгі бөлігі мен генератор статорын жобалық жағдайға жеткізу ісі қолға алынған. Сонымен бірге жоғары және төмен қысымды құбырларды, қосалқы жабдықтарды монтаждау және автоматтандырылған басқару жүйесін орнату қызу қарқын алған. Мамандардың айтуынша, жаңа турбиналық агрегаттар жылына электр қуатын 50 мВт-ға көбейтуге және қосымша 320 млн. кВт./сағат шамасында электр қуатын өндіруге, жылу қуаттылығын 96 Гкал/сағатқа арттыруға мүмкіндік береді. Отын үнемі бір шартты жылға 15055,4 тонна көмірге тең. Жаңа турбогенератордың жобалық құны 5373 миллион теңгеден асады.

Жылу қуатын өндіруден түскен қаражатқа стансаның №2, 3,10,11 қазандық агрегаттарының қыздырма беттері ауыстырылды. Енді компанияның жоспарында №1 және №5 турбоагрегаттарды орнату міндеті тұр. Олардың жабдықтарын жеткізуге Урал турбина зауытымен келісімшарттар жасалған.

Жаңғырту бағдарламалары аяқталғаннан кейін қазандық агрегаттар саны қазіргі жұмыс істеп тұрған 11 бірліктің орнына 12-ге жетеді, ал стансаның толыққан қуаттылығы 347 мВт-дан 480 мВт-ға дейін артады. Сөйтіп, 2015 жылға таман ескірген құрал-жабдықтардың 35-40 пайызы осы заманғы қуат үнемдегіш құрылғыларға ауыстырылатын болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.