30 Тамыз, 2013

Егемендік еңсесін көтерген сот жүйесі

314 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ата-бабамызаңсағанегемен­дік­кеқолжеткізуіміздіңарқасындаосыдан 18 жылбұрынтәуел­сізҚазақстанныңжаңатұрпат­тағыАтаЗаңықабылданды. Бо­дандықтың қамыты біржолата сыпырылды. Азаттықты арман­да­ған қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара сая­сатын қызу қолдай отырып,­ демократиялық даму жолын таң­дады. Еліміздің мәдени, қоғамдық, саяси өмірінде ғасыр жүгін арқалайтын ұлы өзгерістер мен тың бастамалар жүзеге асырыла бастады. Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің жүзден астам мемлекеті мойындап, тығыз әріптестік қатынастар орнатылды.

 

Ата-бабамызаңсағанегемен­дік­кеқолжеткізуіміздіңарқасындаосыдан 18 жылбұрынтәуел­сізҚазақстанныңжаңатұрпат­тағыАтаЗаңықабылданды. Бо­дандықтың қамыты біржолата сыпырылды. Азаттықты арман­да­ған қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара сая­сатын қызу қолдай отырып,­ демократиялық даму жолын таң­дады. Еліміздің мәдени, қоғамдық, саяси өмірінде ғасыр жүгін арқалайтын ұлы өзгерістер мен тың бастамалар жүзеге асырыла бастады. Егеменді Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің жүзден астам мемлекеті мойындап, тығыз әріптестік қатынастар орнатылды.

Зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекеттің іргетасы көте­ріліп, шекарамыз бекітілді. Мем­лекеттік рәміздер, әнұранның жаңа мәтіні, азаматтығымыз қа­был­данып, ұлттық валютамыз – тең­ге айналысқа енді. БҰҰ-ның­ тұрақты мүшесі болдық. ТМД елдері арасынан суырылып шы­ғып, ЕҚЫҰ-ға жетекшілік жасауымыз, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына басшылық жасап,­   еуро­азиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға, төрт­күл дүниедегі сан қырлы саяси оқиғалардың күрмеуін салиқалылықпен шешуге ықпал етуіміз, экономиканың өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатының жылдан-жылға жақсара түсуі егемендігімізбен, Ата Заңымызбен тығыз байланысты.

Жоғарыда айтып өттік, осы­дан 18 жыл бұрын, 1995 жылы республикалық референ­дум­да Қазақстанның жаңа Конс­ти­ту­циясы қабылданды. Сөйтіп, Қазақ­стан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланды. 30 тамыз мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып белгіленді.

Егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданғанын ерекше атап өткен жөн. Онда Президентті Мемлекет басшысы, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, билікті бөлісу принципі, мемлекет тәуелсіздігі, егемендік, сот органдары және басқа да маңызды мәселелер қамтылғанын жақсы білеміз. Бірақ кеңестік жүйенің қасаң қағидаттарынан толықтай арыла алмаған   конституциямыз уақыт көшіне ілесе алмады. Өркениет талаптарына, республика тұрғындарының мүддесіне сай келетін Ата Заң қажеттігі күн өткен сайын айқын сезіле бастады.

Халық қалауын басшылыққа ала отырып, Бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылы 30 тамызда бүгінгі қолданыстағы Ата Заңымыз қабылданды. Конс­титуцияның «Жалпы ережелер» деп аталатын 1-бөлімінде «Қа­зақстан Республикасының стратегиялық бағыты – демо­кратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуетті мемлекет құру» деп атап көрсетілді. Сол бойынша мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінді. Президент құзырындағы өкілеттіктердің белгілі бір бөлігі Парламентке беріліп, президенттік-парламент­тік басқару жүйесі бекітілді.

Уақыт талабына сай 1998 және 2007 жылдары Конституцияға қосымша толықтырулар енгізілді. Барлық қазақстандықтардың мүддесін көздің қарашығындай сақтауға бағытталған Ата Заңы­мыз еліміздің сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, судьялардың мәртебесін көтеруге үлкен серпін туғызды. Атап айтар болсақ, сот кадрларын іріктеу Жоғары Сот Кеңесіне берілді. Өлім жазасына мораторий енгізіліп, тұтқындауға санкция беру құзы­реті прокуратурадан соттарға ауыстырылды. Алқа билер инсти­туты, мамандандырылған эко­но­микалық, әкімшілік, қыл­мыс­тық, ювеналдық соттар құ­рылып, жұмыс жасауларының арқасында сот беделі көтеріліп, халықтың сотқа деген сенімі нығая түсті. «Медиация туралы» Заң қабылданып, түрлі дауларды шешудің баламалы әдістері жүзеге асырыла бастады.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конс­ти­туциялық заңға, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңға тиісті түзетулер мен өзгерісте