- Прокуратура жанынан құрылған мобильдік топтар қала аумағында төтенше жағдай режимін бұзу фактілерін анықтайтын болады. Осыған орай халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғындарды карантиннің барлық талабын сақтауға шақырамыз, - дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.
Атырау қаласының 4 бағытына қойылған блок-бекеттің жұмысын үйлестіруге ішкі істер органдарынан – 48, Қорғаныс министрлігінен 56 қызметкер қатысуда. Олар 12 арнайы автокөлік пайдаланады.
Жұмасат ҒАЗИЗ