Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Елорда тұрғындары 1 шілдеге дейін тегін медициналық көмек алады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов МСҚ-ға аударым жасалмаған немесе жарна төлемеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмек алу құқығының мерзімін хабарлады.

Елорда тұрғындары 1 шілдеге дейін тегін медициналық көмек алады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен МӘМС жүйесіне толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда, қазіргі туындаған жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды» деді бұл жөнінде Айбатыр Жұмағұлов.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – медициналық сақтандыру жүйесінің қаржылық операторы. Қордың медициналық қызмет жеткізушілері болып табылатын ұйымдарға медициналық көмек көрсеткендері үшін төлем жасайды.

МӘМС жүйесі 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша медициналық қызмет жеткізуші 96 ұйыммен жалпы сомасы 146 408 мың теңгені құрайтын келісімшарт жасады. Өткен 3 ай ішінде бұрын тұрғындардың көпшілігіне ақылы болып келген КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтердің көрсеткіштері өскені байқалады. Сондай-ақ, оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраным көп.

Медициналық сақтандыру қорының қызметі пациенттердің құқығын қорғауға бағытталған. Сондықтан медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасы бақылауда. Мониторинг жүргізілеп отырады.