Қазақстан • 02 Сәуір, 2020

Өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті - Қ. Өскенбаев

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті - Қ. Өскенбаев

«Өкпені жасанды желдету құрылғыларының жетіспеушілігі де көпшілікті алаңдатып жүргені мәлім. Бас­пасөз мәслихатында айтылғандай, Көк­шетаудағы «Тыныс» АҚ Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойын­ша 700-ге жуық құрылғы шығаруды бас­тап кетті. Үкіметтің резервінен өндіріске қажетті қаражат бөлінеді» деді Өскенбаев.

Сондай-ақ ол ең көп дағдарысқа әсер еткен көлік транспорты жайлы айтты.

«Жол саласында бізде бүгін 200 мыңдай адам жұмыс істейді. Біріншіден 100 пайызға қазақстандық өнімдер болу керек. Екіншіден ешқандай жұмыскерлердің санын қысқартуға болмайды деп тапсырма берген болатынбыз. Ең көп дағдарысқа әсер еткені көлік транспорты ол жаңағы айтып кеткендей әуе көлігі де тоқтап қалды. Бірақ біз Қазақстан темір жолымен келісіп ірі компаниялармен «Эйр Астана» «Скат» сияқты әуе компаниясында жұмыс істейтін адамдардың саны қысқартылмайды. Темір жолда 125мың адамдай жұмыс істейді сол сияқты әуе компанияларда 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді» деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше