Өздеріңіз байқағандай жаман індетті ең көп жұқтырғандар футболшылар екен. Сол секілді басқа да спорт түрлерінде коронавируспен ауырғандар кездеседі. Атап айтсақ, баскетболшылар арасында да дертке шалдыққан бар. Солардың арасындағы ең атақтысы Кевин Дюрант екені даусыз. «Бруклин Нетс» клубының 31 жастағы шабуылшысы Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБЛ) екі дүркін жеңімпазы (2017, 2018) және төрт рет (2010, 2011, 2012, 2014) сол жарыстың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Лондон мен Рио Олимпиадаларында бас жүлдені олжалап, 2010 жылғы әлем чемпионатында топ жарды. 10 мәрте ҰБҚ-ның «Жұлдыздар матчында» өнер көрсету құрметіне бөленіп, екі рет (2012, 2019) ең құнды ойыншы болып танылды. Оның бойы – 206 сантиметр, салмағы – 109 кило.
Кевин Дюранттан бөлек, «Бруклин Нетс», «Юта Джаз», «Детройт Пистонз», «Бостон Селтикс», «Бруклин Нетс», «Филадельфия Сиксерс», «Денвер Нагеттс», «Лос-Анджелес Лейкерс» және «Реал Мадрид» клубтарының ойыншылары да бар.
Солардың арасынан Руби Гобер, Донован Митчелл, Кристиан Вуд, Маркус Смарт және тағы бірқатар баскетболшылар коронавирустан толықтай сауығып шықты.