Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Петропавл карантинге жабылды

598 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап, Петропавл қаласы карантинге жабылды. Осы кезден бастап ешқандай көліктің қалаға кіруіне рұқсат жоқ. Барлық көшелер мен тротуарлар, алаңдар дезинфекцияланады. Барлық қоғамдық орындар, парктер жабық.

Петропавл карантинге жабылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайлар кезеңінде табысынан айырылуына байланысты азаматтардың Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлем алуға өтініш беру рә­сімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-ботты іске қосады. Бұл туралы Пре­зидент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Қалаға кіру мен шығу тоқтатылады. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорын-мекемелер өз жұмысын тоқ­татады. Тек мемлекеттік орган­дар, әкімдіктер, ауруханалар, ішкі істер органдары және ком­муналдық қызмет қана жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар таңертеңгі 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін ғана жұмыс істейтін болады. Адамдар тек қана жұмыс пен дүкенге шыға алады. Басқа уақыттың бәрінде көшеге шықса полиция оларға 26 мың теңге көлемінде айыппұл салады. 65 жастан асқан адамдар үйден мүлде шықпауы керек. Оларға зейнетақыны «Қазпошта» қыз­мет­керлері жеткізіп береді.

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Бри­­финг барысында өңір басшысы ауыл шаруашылығы өні­мін өндірушілерге Үкімет 5 пайыз­дық жеңілдетілген несие бере­тінін, оған Мемлекет басшы­сының шешімімен мемле­кеттік қордан 70 млрд теңге ба­ғытталғанын жеткізді. Облыста оны алуға 300 диқан тілек білдіріпті. Ал шағын және орта бизнес өкілдері алты айға дейін салықтан босатылады.

Қазір облыста коронавирус жұқтырған 7 адам тіркелген. Олардың бәрі жұқпалы инфек­циялық аурулар стационарына орналастырылған. Науқастармен байланысқа түскен, араласқан адамдар толық анықталған. Соңғы күндері қалада індетке ұшы­раған үш адам анықталды. Оның екеуі Жұмыспен қам­ту ор­талығында істейтін әріп­тес­­терінен, тағы бір әйел өзі еңбек ететін каран­тиндік стационарда жұқтырған. Та­йын­ша қаласынан анықталған, лаборант болып еңбек ететін әйел өздерінде санитар болып істеген адамнан жұқтырған. Қазір Тайынша қаласы мен Келлеровка ауылы да 14 күнге карантинге жа­былды.

Бүгінде Петропавлда инфек­цияның бес ошағы бар. Бұл – көпқабатты үйлер. Әкім өзінің мәлімдемесінде олардың тұрғындарына шыдамдылық танытып, қиындықты сабырмен жеңуге, үйден шықпауға шақырды. Індет жұқтырған бір әйел №1 қалалық емханаға барған екен. Облыс әкімі мүмкіндігінше халықты емханаға бармауға шақырды. «Егер өздеріңнің бойларыңыздан індеттің симп­томдарын сезсеңіздер, ешқайда бармай, 1406 немесе 103 нөмір­леріне хабарласыңыздар. Еш­қайда шықпаңыздар. Сонда ғана біз індеттің таралмауын қам­тамасыз ете аламыз», деді ол.

 

Солтүстік Қазақстан облысы