Коронавирус • 03 Сәуір, 2020

28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды - Елжан Біртанов

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда карантиндік стационарлардағы 28 медицина қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырды. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды - Елжан Біртанов

«Елімізде коронавирус жұқтырған 28 медицина қызметкері анықталды. Қазір әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, оның себептері анықталуда», деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша жұмыста болмаған дәрігерлер де вирус жұқтырған. Олар жеке топқа бөлініп, тиісті ем қабылдауда.

«Вирус табылған жұмыс орындарында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Медициналық немесе басқа да еңбек ұжымдары карантинге жіберіледі. Әрине, науқастар емделіп жатқан ғимараттарда қауіп басым. Сондықтан ондағы медициналық қызметкерлерге ерекше көңіл бөлеміз», деді Е. Біртанов.