Спорт • 04 Сәуір, 2020

Шайбалы хоккей: Алексей Ждахин «Торпедоның» тізгінін ұстады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) өнер көрсетіп жүрген Өскеменнің «Торпедо» клубының бас бапкері болып Алексей Ждахин тағайындалды.

Шайбалы хоккей: Алексей Ждахин «Торпедоның» тізгінін ұстады

Биылғы маусым өскемендіктер үшін сәтсіз аяқталды. Тұрақты біріншіліктің қорытындысы бойынша өз конференциясында сегізінші орынды қанғат тұтқан жерлестеріміз Петров кубогы жолындағы жарыстың алғашқы айналымынан аса алмады. Бес ойынның нәтижесі бойынша олар Мәскеудің «Звездасынан» 1:4 есебімен ұтылды. 

Алдағы маусымда «Торпедо» табысты өнер көрсетуді көздеуде. Сол себепті де бас бапкерді ауыстырды. Өскемендік клубтың тізгінін ұстаған 54 жастағы ресейлік маман 2016-2018 жылдар аралығында да айтулы ұжымды жаттықтырған. Соңғы кездері Ханты-Мансийскінің «Юграсын» баптады.