Спорт • 05 Сәуір, 2020

Баскетбол: Коби Брайанттың есімі Даңқ залына енді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыршын кеткен АҚШ-тың әйгілі ойыншысы Коби Брайанттың есімі Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) Даңқ залына ресми түрде енді.

Баскетбол: Коби Брайанттың есімі Даңқ залына енді

41 жастағы Филадельфия қаласының тумасы ҰБҚ-ның бес дүркін чемпионы және MVP финалдық сериясының екі мәрте жеңімпазы. 18 рет «Жұлдыздар матчында» ойнады. Басқа да толып жатқан атақтары бар. 1996-2016 жылдар аралығында ол тек бір ғана команда – «Лос Анджелестің» сапында өнер көрсетті. Қорғаныс шебінде жасындай жарқыраған Кобиди көрермендер  «Қара Мамба» деп атайтын.

Ұзақ жылдар АҚШ құрамасы сапында ойнаған Брайант Бейжің мен Лондон Олимпиадаларының жеңімпазы атанып, Америка чемпионатында бас жүлдені олжалады.

Коби Брайант үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында өзінің жеке ұшағымен әуе апатына ұшырап, 13 жасар қызы Джина екеуі қаза тапты.

Айтулы баскетболшыдан бөлек, биыл ҰБҚ –ның Даңқ залына Кевин Гарнетт, пен Тим Данкан, әйелдер арасынан Тамика Кэтчингс және Руди Томьянович, Ким Малки, Барбара Стивенс, Эдди Саттон сынды бапкерлердің есімдері енгізілді.