03 Қыркүйек, 2013

Өмір оты

310 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Роза Балбатырқызы туралы жазу мүмкіндігі туғанда екіұдай сезім баурады десем, өтірік емес. Бір жағынан, ол кісі жасы үлкен әпке, талғамы биік, талабы қатал ұстаз. Ол кісі туралы жаза алатын, жазуға тиісті, дәрісін ті­келей алған, тәрбиесін көрген, бізден де жақын әрі ұзағырақ араласқан жұртшылық аз емес, тіпті бір қауым. Барша жазылғанды, қағазға түскенді ең әуелі өзі оқып, өзі парақтайды. Өзі баға береді. Әрі-сәрі айтылған сөзді танып қояды, өтірік көлгірсігенді сезіп қояды. Сондықтан, қалам алғанда өзіңе үлкен жауапкершілікті жүк­­тейтініңді білуің керек. Сол биік талап дең­­гейінен шыға алмасаң, қалам алып керегі жоқ қолыңа.

Роза Балбатырқызы туралы жазу мүмкіндігі туғанда екіұдай сезім баурады десем, өтірік емес. Бір жағынан, ол кісі жасы үлкен әпке, талғамы биік, талабы қатал ұстаз. Ол кісі туралы жаза алатын, жазуға тиісті, дәрісін ті­келей алған, тәрбиесін көрген, бізден де жақын әрі ұзағырақ араласқан жұртшылық аз емес, тіпті бір қауым. Барша жазылғанды, қағазға түскенді ең әуелі өзі оқып, өзі парақтайды. Өзі баға береді. Әрі-сәрі айтылған сөзді танып қояды, өтірік көлгірсігенді сезіп қояды. Сондықтан, қалам алғанда өзіңе үлкен жауапкершілікті жүк­­тейтініңді білуің керек. Сол биік талап дең­­гейінен шыға алмасаң, қалам алып керегі жоқ қолыңа.

Біздің білеріміз – апай қан­шама мүмкіндіктің ішінен қа-рапайым оқытушы, қажырлы ғалым болуды таңдапты. Оқыту-шының қарапайымдылығы оның билікке ұмтылмауынан, байлыққа қызықпауынан, шәкіртіне риясыз берілуінен көрінеді. Ғалымның қажырлылығы отбасы, ошақ қасы шаруадан қолы қалт етсе, күн демей, түн демей оқып, ізденуден көздеген мақсат, нәтижелерге ұм­тылудан байқалады. Қазір осы қос қасиет өзінің жемісін берген. Роза апай қатардағы оқытушыдан ұлағатты ұстаз дәрежесіне кө­те­рілген. Оны көтерген — адал еңбегі, шәкірттеріне деген ықы­ласы, шәкірттерінің ұстаз­дарына деген махаббаты.

«Халықтар достығы жасасын!» ұранын айқайлап қойып, шын мәнінде Кеңес Одағына кірген республикалардағы ұлттар мүддесін елемей, аға ұлттың үс­тем мүддесінің шылауына бай­лаған заманға күрт өзгеріс ен­гізген 1986 жылғы Алматы желтоқсаны еді. Алаңға шыққан жастардың алдыңғы легі қанға бөгіп, қан-қасаптан сытылып шық­қандары кейін қудалауға түс­кенімен, қазақ жастарының ерен қимылы Орталыққа ой салды. Ұлтшылдарды қудалау, ұлтшылдықты жою бағытында жұмыс істей отырып, Мәскеу ұлт мәдениетіне, тіліне ден қоюға мәжбүр болды. Соның бір шарасы ретінде жоғары оқу орындарында қазақ тілінде оқыту қолға алынды. Қазақ балаларынан құрылған академиялық топтар жасақталды.

Бұл 1987 жыл болатын. Мә­селе осы жерде басталды. Қан-шама жыл ұлттың қаймағы болар зиялы бекзаттарды атып-асып, итжеккенге айдап жоқ қылған, қалғанын бас көтере алмастай бұқтырған, үн шығара алмас­тай тұншықтырған кеңес билігі қазақша оқытатын оқытушы мен қазақша жазылған оқулықты күндіз шам алып іздеп, іздегенін таппай тығырыққа тірелді. Ол заманда қазақ мектептері мен кейбір орта арнаулы оқу орындарында болмаса, қазақ филологиясы мен педагогика салаларын есептемегенде Қазақстанның жоғары оқу жүйесінде қызмет істейтін профессорлық-оқы­тушылық құрам негізінен өзге ұлт өкілдерінен, ал Қазақтан болса, орысшаға жүйрігінен тұратын. Коммунизмге жету үшін солай керек болды, социалистік мемлекет солай қалыптастырды.

Елге, азаматтарға кеңестік би­ліктің қиналғаны, тығырыққа тірелгені қызық емес, ұлт тілінде маман даярлау шын керек еді. Көкірегі ояу, көзі ашық зиялы қауым тез күш біріктіріп, игі іске жұмыла кірісті. «Әу» дегеннен белсене ширақ қимылдап, нақты нәтиже көрсеткендер қатарында Роза Балбатырқызы Құлжақаева болды.

Тәртібі темір, бағы­ныш­ты­лығы Мәскеу болған, аты Одақ­қа мәлім Қарағанды жоғары милиция мектебінде қызмет істейтін офицер қауымға бұлай күрт бетбұрыс жасау оңай болған жоқ. Қарсылар да, күдік-күмәнді қара бұлттай үйіріп, алға басар аяғыңды кері кетіруге тырысқандар аз болған жоқ.

Дегенмен, заң білімін Ал­матыдағы іргелі оқу орнында алған, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Роза Балбатырқызы осынау маңызды іске бел шеше, құлшына кірісті. Күндіз-түні тынбай, басқа шаруаларды ысырып қойып, көз майын тауыса отырып, бұрын тек қана орыс тілінде оқытылып келген пәндер бойынша қазақша дәрістер даярлауға кірісті. Оқу-әд