Спорт • 06 Сәуір, 2020

Шайбалы хоккей: Андрей Скабелка ҚХЛ-дың ең үздік бапкері атануы мүмкін

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Советский спорт» басылымы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымдағы ең үздік бапкері атағынан үміткерлердің тізімін жариялады.

Шайбалы хоккей: Андрей Скабелка ҚХЛ-дың ең үздік бапкері атануы мүмкін

Сол тізімде Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының бас бапкері Андрей Скабелка да бар. 49 жастағы Беларусь елінің маманы 2018 жылы қазақстандық команданың тізгінін ұстаған болатын. Биылғы маусымда жерлестеріміз өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, Чернышев дивизионында топ жарған олар Шығыс конференциясында екінші орынды иеленді. Тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде алтыншы сатыға жайғасты. Гагарин кубогы жолындағы доданың алғашқы айналымында қарсыласын тас-талқан етіп, екінші кезеңге дейін жеткен еді. Алайда коронавируске байланысты турнирі тоқтатылды.

Андрей Скабелкадан бөлек, ҚХЛ-дың ең үздік бапкері атануға үміттілер қатарында Игорь Никитин (ЦСКА), Николай Заварухин («Сибирь»), Владимир Крикунов («Динамо» Мәскеу) сынды мамандар бар.

Соңғы жаңалықтар