03 Қыркүйек, 2013

Алтай жыршысы Оралхан Бөкейге ескерткіш ашылды

423 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жаздың соңғы күндері шығыс жұрты үшін ауқымды шараларға толы болды. Ата Заң да әспеттелді. Халықаралық бал фестивалі де өтті. Сондай-ақ, Шыңғыстайдан шығып, шырайлы да шұрайлы туған өлкесін ғұмыр бойы жырлаған, оқырманының бәрін асқақ Алтайға іңкәр еткен Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы да басталып кетті. Кербұғыдай қасқайып, тауқұдірет талантымен тамсандырған тұлға Өскеменнің төрінде тұғырға қонды.

Жаздың соңғы күндері шығыс жұрты үшін ауқымды шараларға толы болды. Ата Заң да әспеттелді. Халықаралық бал фестивалі де өтті. Сондай-ақ, Шыңғыстайдан шығып, шырайлы да шұрайлы туған өлкесін ғұмыр бойы жырлаған, оқырманының бәрін асқақ Алтайға іңкәр еткен Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы да басталып кетті. Кербұғыдай қасқайып, тауқұдірет талантымен тамсандырған тұлға Өскеменнің төрінде тұғырға қонды.

Облыс орталығының Жібек маталар комбинаты аталатын шағынаудан соңғы жылдары жедел дамып келеді. Орағаңның қалам ұстаған ойлы сәті бейнеленген ескерткіші жаңадан өсіп-өркендеп келе жатқан осы ауданда ашылды. Онда қаламгер атындағы №44 орта мектеп те бар. Яғни, ескерткіштің орын тепкен алаңқайы алдағы уақытта қала тұрғындары мен жастары, меймандары үшін сейілдейтін көрнекі орындардың біріне айналады. Ескерткіш аумағы көгалдандырылып, жарық­тан­дырылған. Табанына тас төселіп, орындықтар қойылған.

Оралхан Бөкей ескерткішінің ашылу салтанатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген қалам­герлер қауымы қатысты. Олардың қатарында Қабдеш Жұмаділов, Кәдірбек Сегізбай, Исраил Са­парбай, Несіпбек Айтұлы, Те­мір­хан Медетбек, Жұмабай Шаш­­тайұлы, Тыныштықбек Әб­ді­кәкімов, Ұлықбек Есдәулет және тағы басқа елімізге белгілі ақын-жазушылар бар.

Салтанатты шараның басында көркемсөз сайысының жеңімпаздары Маржан Мүс­лімбекова мен Қаракөз Әбе­но­ва Алтай жыршысының шы­ғармаларынан нәшіне келтіріп үзінділер оқыды.

Ескерткіштің ашылуымен құт­тықтаған өңір басшысы Бер­дібек Сапарбаев әдебиет ас­­­­­па­нында жарық жұлдыздай жар­қырап өткен Оралхан Бөкейдің орны бөлек екенін, Қазақ елін әлемге танытатын, мерейін үс­тем ететін санаулы дүниенің бірі әдебиет екенін атап өтті. Об­­лыс басшысының айтуынша, жа­зу­шының мерейтойында оған ар­налған екі ескерткіш орнатылады. Оның бірі – Өскеменде ашылған мына монумент болса, екіншісі сөз зергерінің туған өлкесі Катон­қа­рағайда бой көтереді.

Алматыда Оралхан Бөкеймен көрші тұрған жазушы Қабдеш Жұмаділов інісі туралы ақтарыла естелік айтты.

– Ақын-жазушыларды әс­пет­теп, құрмет көрсеткен елдің ғұмыры да баянды болады. Өске­менде Ленин ескерткішінің ор­­нына Абайдың тұлғасын қой­ғанда ерекше қуанғанбыз. Ақын­ның аруағы риза болған шы­ғар, мұндағы іс ілгері бас­ты. Ал­тай жыршысы атанған Орал­хан­мен 15 жыл көрші тұрдық. Әде­биеттегі сыйлас, пікірлес жан­­дардың бірі еді. Мерейтой қар­­са­ңында ашылған ескерткішін кө­­ріп, қуанып тұрмын. Қаламгерге көр­сетілген құрмет – ұлтқа көр­се­тіл­ген құрмет. Ескерткіш қойыл­ған көше – Өскеменге кірер, Орал­ханның туған жеріне барар жол бойында екен. «Комсомолдар» аталатын осы көшенің атауын бү­гін ашылған ескерткіш иесінің есі­мімен атаса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді жазушы.

Орағаңның қаламгер дос­та­рының бірі Кәдірбек Сегіз­бай­ұлы да естеліктерімен бөлісті. Ақын Аслан Ғафуров арнау өлеңін оқы­ды. Мүсіншілер Евгений Не­пия­нов пен Владимир Самойлов қа­шаған ескерткішке қаламгерлер гүл шоқтарын қойды.

Думан АНАШ,

журналист.

ӨСКЕМЕН.