04 Қыркүйек, 2013

Алып елдің арманы

433 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарына орай

Өткен жылдың соңынан бастап жаһандық баспасөздің бетінен түспей келе жатқан «Қытай арманы» деген тіркес бүгінде әлемдегі азулы саясаткерлер талқысының таптырмайтын тамызығына айналды. Ендеше, «Қытай арманы» деген қайдан шықты? Азиялық алып елдің арманы не екен? Бұл сұрақтар, әрине, батыстық алпауыт елдерді ғана емес, ҚХР-дың іргесінде өмір сүріп отырған біздерді де бейжай қалдырмаса керек.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапарына орай

Өткен жылдың соңынан бастап жаһандық баспасөздің бетінен түспей келе жатқан «Қытай арманы» деген тіркес бүгінде әлемдегі азулы саясаткерлер талқысының таптырмайтын тамызығына айналды. Ендеше, «Қытай арманы» деген қайдан шықты? Азиялық алып елдің арманы не екен? Бұл сұрақтар, әрине, батыстық алпауыт елдерді ғана емес, ҚХР-дың іргесінде өмір сүріп отырған біздерді де бейжай қалдырмаса керек.

«Армансыз адам болмайтыны» секілді, армансыз халық та, мұратсыз елде болмайды. Демек, бұған дейін де тарихтың әр түрлі кезеңінде қытай халқының сан алуан асыл арманы, ұлы мұраты болған. Ұлт арманы мен ел мұратының жүзеге асу-аспауы көбіне-көп сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар мен елдің саяси-экономикалық әлеуетіне байланысты болатындықтан, тарихта қытай халқының да бір арманы орындалып жатса, енді бірі шырын қиял күйінше қалып келді. Оның бәрін бұл арада адақтап, талдап-сараптап отыруға уақыт тар, әрине.

Дегенмен, дәл осы жолғы «Қытай арманының» мемлекеттік ұлы жоба, елдік биік мұрат ретінде саяси аренаға қайта шығуының өзіндік тарихи және саяси-әлеуметтік себебі жоқ емес. Азиялық алып елдің арғы-бергі тарихынан, саяси-әлеуметтік жағдайынан сауаты кемшін шетелдік сарапшылардың дені өзге емес, бүгінгі Қытайдың ұшқан құстай даму қарқынына, қытайлықтардың дамуға деген соншалық құштарлығына жатып келіп таңданады. Ал жалпы Қытай тарихының арғы-бергідегі ілкі кезеңдеріне үстірт ой жүгірткеннің өзін­де таңданысыңызға еш орын қал­май­тындығы өз алдына, тіпті біз сөз еткелі отырған «Қытай арманының» да аспаннан түспеген, жерден шықпаған, кәдімгі қытай деген қарт халықтың тағдырымен біте қайнасып жатқан ұлы мұраты екендігіне анық көз жеткізер едік.

Иә, тарихта Қытайдың да күллі адамзатқа өркениет таратқан, тіпті, әлемді аузына қаратқан «армансыз» кездері де болған. Бұған жарқын мысал ретінде қытайдың Хань патшалығы (б.з.д. 206 ж. – б.з. 220 ж.) мен Таң дәуірі (б.з. 618-907 ж.ж.) кезеңін атап айтуға болады. Өзгесін айтпағанда, ежелгі Қытайдың әлемге әйгілі «төрт ұлы тапқырлығының» (компас, қағаз, баспа өнері, қопарғыш дәрі) өмірге келуінің өзі осы кезеңдердің еншісіне жатады. Бұлардың сыртында қытай халқы жібек құртынан жібек алу, шай өндіру, шыны жасау, айна, есепшот, сия, жер сілкінісін бақылау аппараты, тоқыма фабрикасы, қолшатыр, сіріңке қатарлы тапқырлықтарын да өздерінің адамзат мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі ретінде мақтан тұтады. Әйгілі «Ұлы Жібек жолының» дүркіреп тұрған тұсы да осы кезең болғаны, оның шығыстағы басталу нүктесі қытайдың ежелгі астанасы Чаңань қаласы болғаны да көп жайды аңғартса керек. Міне, бұлар ежелгі Қытайдың ғылым-техника саласындағы дамуын көрсететін болса, соған сәйкес экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдениет жағында да, әсіресе, сөз болып отырған Хань, Таң патшалықтары кезінде Табғаш жұртының айдарынан жел есіп тұрғаны жасырын емес. Таң патшалығы құлағаннан кейін елдегі даму мен гүлдену Суң патшалығының (960-1279 ж.ж.) алғашқы кезеңдерінде шамалы болса да жалғасын тапты. Ал Суң патшалығы құлағаннан кейін-ақ Қытайдың басынан бақ тайды. Манағы талтаңдаған табғаштың бәрі қитандардың, журжандардың табанында тапталды. Одан кейін елде «Юань патшалығы» (1206-1368 ж.ж.) деген атпен моңғол билігі орнап, қытайлар 150 жылдан астам моңғолдардың езгісінде өмір сүрді. Одан кейінгі Миң патшалығының (1368-1644 ж.ж.) алғашқы жартысында Қытайдың әдебиеті мен мәдениеті салыстырмалы түрде біршама жанданғанымен, елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы сын көтерместей құлдырап кетті. Әрі қарай қытай халқы Цинь па