Спорт • 07 Сәуір, 2020

Генрих Шмидтгаль футболмен түбегейлі қош айтысты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде Қазақстанның ұлттық құрамасында ойнаған Генрих Шмидтгаль футболмен түбегейлі қош айтысқаны жайында ресми түрде мәлімдеді.

Генрих Шмидтгаль футболмен түбегейлі қош айтысты

Генрих Нұрланұлы 1985 жылдың 20 қарашасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында дүниеге келді. Заманның аумалы-төкпелі кезінде әке-шешесімен бірге Геррманияға қоныс аударды. Сол жақта бірқатар командаларда өнер көрсетті. Солардың қатарында «Гройтер Фюрт» пен «Дюсельдорф» сынды танымал клубтар бар. 2015 жылы Шмидтгаль «Франкфуртқа» ауысты. Алайда айтулы команда сапында бірде-бір рет жасыл алаңға шыққан жоқ.

2010 жылы Генрих Шмидтгаль Қазақстанның азаматтығын алып, ұлттық командамыздың сапында 14 ойын өткізіп, бір гол соқты. Бес жыл бойы ол түрлі жарыстарда өз қнерін паш етті.

2016 жылы айтулы жартылай қорғаушы футболмен қош айтысып, немістердің «Фортуна» клубының бас бапкерінің көмекшісі болды. Алайда денсаулығының сыр беруіне байланысты Шмидтгаль бұл кәсіптен де қол үзуді құп көрді.