Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 45-ке жетті

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күнге дейін жалпы Жамбыл облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 40 жағдайы анықталған болатын. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы «Дели-Тараз» рейсінен анықталған.

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 45-ке жетті

Сондай-ақ Тараз қаласында 5 жағдай, Қордай ауданында 14, Меркі ауданында 2, Шу және Жамбыл аудандарында бір-бірден тіркелген еді. Өкінішке қарай, бүгін тағы да 5 жағдай анықталып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Жамбыл өңіріндегі науқастар саны 45-ке жетті.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша тіркелген 5 адамның 4-еуі тағы Қордай ауданынан болса, біреуі Мойынқұм ауданынан болып шықты. Олар бұған дейін індет жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болған. Сондықтан да карантиндік стационарға жатқызылған. Әкімдіктің мәліметінше, науқастардан сынамалар алынып, диагноз нақтыланған. Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес, оларға тиісті ем жүргізілуде екен. Сондай-ақ аталған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ағымдағы жылғы 7 сәуір күнгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 45 адам анықталды. Сонымен қатар, барлығы 268 адам медициналық бақылауда.

 

Жамбыл облысы