Қоғам • 07 Сәуір, 2020

«Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Семей өңірі өкілдігі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуіне қолдау білдірді. Бұл туралы kazislam.kz сайты хабарлады.

«Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті

Осы мақсатта ҚМДБ-ның Семей өңірі өкілдігі «Зекет» қорымен бірігіп «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы аясында көпбалалы отбасы, мүгедек жандар және жалғызбасты аналарға көмек қолын созды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі бірнеше ауданда ірі қара малы құрбандыққа шалынып, еті таратылды. Одан бөлек 13 тонна картоп, 2 тонна сәбіз, 2 тонна сарымсақ, 2 тонна ұн, 2 тонна макарон, 1 тонна күріш, 300 келі имбирь, 300 келі лимон, 850 литр күнбағыс майы, 800 қорап шай, 800 келі қант, 1300 дана бетперде, сондай-ақ жалпы жиыны 22 тонна азық-түлік 2015 мұқтаж отбасыға тегін таратылды.

Заттарды мұқтаж жандарға мешіт қызметкерлері мен жамағаттары жеткізіп берді.