04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №214

436 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 30 мамыр,   Астана қаласы

«Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйырамын:

1. «Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Диссертацияның негізгі мазмұны ғылыми, ғылыми-сараптау және ғылыми-практикалық басылымдарда жариялануы тиіс.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелеріне ұсынылған диссертацияның ғылыми нәтижелері кем дегенде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кем дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалында жариялануы тиіс.
Мемлекеттік құпиялары бар диссертация қорғалған жағдайда шет елдік ғылыми журналдағы жарияланымның орнына уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдағы жарияланым есептеледі.
Шетелде алған ғылыми дәрежесінің баламалылығын тануға құжаттарын ұсынған тұлғалар үшін аттестациялық ісі Комитетке ұсынылған мерзімге дейін жарияланған ғылыми еңбектер ескеріледі. Бұл ретте диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымы, оның ішінде кемінде дегенде 3 (үшеуі) уәкілетті орган ұсынатын ғылыми басылымдарда немесе 3 (үшеуі) диссертация қорғалған елдің ғылыми басылымдарында, 1 (біреуі) Томсон Рейтер (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие немесе Scopus компаниясының деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымда және 3 (үшеуі) халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде 1 (біреуі) шетелдік конференция материалдарында (Қазақстан Республикасында және (немесе) диссертация қорғалған елде өткізілмеген) жариялануы тиіс.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Докторант авторы мен дереккөзін көрсетпей бөтен материалды пайдаланған жағдайда диссертациялық кеңес немесе Комитет теріс шешім қабылдайды.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Аттестациялық істерінің қаралу мерзімі Комитетке келіп тіркелген күнінен бастап 4 (төрт) айды құрайды. Аттестациялық істер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №126 бұйрығымен бекітілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереженің (бұдан әрі - Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже) 20-тармағының және осы Ереженің 22-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, сондай-ақ Комитет аттестациялық істің құжаттары бойынша мәліметтерді сұраса, аттестациялық істі қарау мерзімі 1 (бір) айға созылады. Қарау мерзімі созылғаны туралы Комитет докторантқа немесе арызданушыға созылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде хабарлайды»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамның 2/3-сінен (үштен екісінен) кем болмаған жағдайда құқылы болып саналады.
Егер ашық дауыс беру кезінде кеңес мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берсе, қорытындылар мен ұсынымдар қабылданған болып есептеледі және оларға төрағалық етуші, кеңестің ғалым хатшысы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда сараптау кеңесі төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Сараптау кеңесі мүшелерінің қатысуы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес келу парағымен расталады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Осы Ереженің 5-8 тармақтарының талаптарына сәйкес болмағандықтан философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беруден бас тартылған немесе аттестациялық істі Комитет қайтарған жағдайда докторант диссертацияны кем дегенде бір жылдан кейін қайта қорғауға ұсынады.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік