Спорт • 08 Сәуір, 2020

Ресей олигархтары спортқа барынша қолдау көрсетуде

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Форбс журналы Ресейдің ең бай азаматтарының тізімін жариялады. Сол олигархтардың түгелге жуығы спорт саласына барынша қамқорлық көрсетуде.

Ресей олигархтары спортқа барынша қолдау көрсетуде

Алысқа бармай-ақ, «ТОП-10» бай-қуаттыларға тоқталсақ та жеткілікті. Мәселен, Ресей олигархтарының көшін бастап тұрған Владимир Потанин «Түңгі хоккей лигасы» деп аталатын әуесқой хоккейді дамыту қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы. Оның есеп шотында  19,7 миллиард доллар бар.

Екінші орында тұрған Владимир Лисин (18,1 млрд) әлемдік және құрлықтық нысана көздеу федерациясын басқарады. Сондай-ақ, ол ресейлік ұйымға да жетекшілік етеді.

Үшінші орында – Леонид Михельсон (17,1 млрд). Ол Ресей футбол одағының қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

Төртінші сатыға жайғасқан Алексей Мордашов  (16,8 млрд). «Северсталь» хоккей клубының қожайыны.

Бесінші орындағы Вагит Алекперов (15,2 млрд) Мәскеудің «Спартак» футбол клубы акциясының 36,8 пайызын иеленуде.

Алтыншы орынды еншілеген Геннадий Тимченко (14,4 млрд)  Ресей Олимпиада комитетінің вице-президенті, Құрлықтық хоккей лигасының директорлар кеңесінің төрағасы, СКА клубының қожайыны.

Жетінші сатыға табан тіреген Алишер Усманов (13,7 млрд) Халықаралық семсерлесу федерациясын басқарады.

Үздік ондықты қорытындылаған Роман Абрамович (11,3 млрд) Англия Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген «Челси» клубының иесі.