«Карантин режімі енгізілгелі жарты айдай уақыт өтті. Қалаға азық-түлік тауарлары үздіксіз жеткізілуде. Жүк тасымалы үшін кіреберістерде жасыл дәліз жасақталған. Карантин енгізілген сәттен бастап қалаға жалпы көлемі 40 мың тоннаға жуықты құрайтын 3 800 жүк көлігі кірді. Оның ішінде азық-түлік көлемі 14 315 тоннаны құрайды. Бүгінде қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Қалада «А» санатты 5 ірі қойма және 7 көкөніс қоймасы бар. Олардың барлығында азық-түлік қоры жеткілікті» деді ол.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының «Continental Logistics» ЖШС-ның көлік-логистика орталығына барып, 6 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары сақталған қойманы аралап көргенін айтты.
«Күні кеше Мемлекет басшысымен «Continental Logistics» ЖШС-ның қоймасында болдық, тауар тапшылығы байқалынбайды. Тек 19 пазициядағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 30мың тонна көлемінде қалада бар. Оның ішінде 25мың тонна азық-түлік қоймаларда сақталуда және 5мыңға жуық тонна қалалық тұрақтандыру қорында. Қала әкімдігі резервтерді толтыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Біріншіден, біз өңірлермен жеміс-көкөніс тобына, ет және азық-түлік өнімдеріне белгіленген бағамен «форвардтық келісімшарт» жасауды пысықтаудамыз. Ол: Түркістан, Жамбыл, Ақмола және Павлодар облыстары. Екіншіден, «Айналым тізбесі» бойынша күріш, қарақұмық және көкөніс тобына белгіленген бағамен сатылатын шартымен ірі бөлшек сауда желілерімен жеңілдетілген несие туралы келісімдерге қол қойылды» деді Ерлан Орынбасарұлы.