Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Атырау: Тұрғындар 10 мың сауал жолдаған

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы тұрғындарының   көпшілігін төлеу мерзімі шегерілген  несиелер, салықтан босату, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерге  қатысты мәселелер толғандырады.

Атырау: Тұрғындар 10 мың сауал жолдаған

Диспетчерлік орталыққа 2 аптада  тұрғындардан  10 мыңға жуық өтініш түскен.  Оның ішінде  байланыс орталығына 7 мыңға жуық жуық сауал,  87750006109  WhatsApp  нөміріне 2 мыңдай  хабарлама, 109 телефон нөміріне шамамен 1 мың қоңырау қабылданған.

«Халықтың  жиі қоятын  сұрақтарының  бірі –  несие төлемдерін кейінге қалдыру, салықтан босату, әлеуметтік төлемдерді төлеу.  Осыған орай тұрғындардан түскен  3700 сауал өңделді.

Екіншісі – коронавирустың алғашқы белгілерін түсіндіруге қатысты. Алдын алу, төтенше жағдай кезіндегі карантин және шектеу шаралары жөнінде  860 сауал түсті.

Үшіншісі – әуе және теміржол қатынасы, жолаушылар тасымалы мәселесі. Тұрғындар осыған  орай  840 сұрақ қойды» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ