Спорт • 08 Сәуір, 2020

Теннис: Қоштасу матчы кейінге шегерілді

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Данияның даңқты теннисшісі Каролина Возняцки үлкен спорттан қол үзіп, қоштасу матчын 18 мамырда Копенгагенде әйгілі АҚШ ойыншысы Серена Уильямске қарсы өткізуді жоспарлап қойған еді.

Теннис: Қоштасу матчы кейінге шегерілді

Биыл жазда 30 жасқа толғалы отырған Каролина Возняцки осыдан он жыл бұрын әлемдік рейтингте көш бастаса, одан кейін де ұзақ бойы «ТОП-10» теннисшінің қатарында болды. 2018 жылы ол Аустралияның ашық біріншілігін ұтты. 2009 және 2014 жылдары АҚШ-тың ашық біріншілігінің финалында өнер көрсетті. WTA турнирлерінде 30 рет дара шықты.

Биыл Мельбурнде өткен «Үлкен дулығы» санатындағы турнирде сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін ол үлкен спорттан қол үзетінін мәлімдеді. Қоштасу матчын 18 мамырға белгілеп, құрметті қонақтарды Копенгагенге шақырды. Осы бәсекені көруге құлшынған көрермендер барлық билеттерді сатып алып та қойды. Бірақ коронавирусқа байланысты Каролина Возняцки мен Серена Уильямс арасындағы бәсеке кейінге шегерілді.