Қай ғасыр, қай дәуірде болсын ұлт тағдырына кезіккен сын сағаттар болды. Бірде жаугершілік, бірде жұт, тағысын тағы. Тарихтың қай соқпағы болсын қазақ халқы шырғалаңнан жол тауып, қиындықтар мен дағдарыстарда мойымай, кесапат пен кесірді бірлік, ынтымақпен жеңіп отырған. Ел билеген сұлтандар, би-даналар мен абыздар елді кесімді бір сөзімен тоқтатып, жақынды барлап, алысты болжап пәтуа қылған.
Сол бір ата дәстүрдің жолымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы халыққа жол тартты. 2020 жылы әлемді алаңдатқан, адамзатты әбігерге салған, әлемдік экономиканың даму қарқынын, тұтынушы қоғамның тіршілігін бір пәсте баяулатып, күтпеген ауыртпашылыққа тұтқиылдан әкелген коронавирус дертімен күрес жағдайында елді сабырға, ынтымаққа, бірлікке шақырған үндеу – мәңгілік елдің бүгінгі күн тәртібі. Бұл аға ұрпаққа – хат, атқамінерге – бағыт, жастарға – нұсқаулық. Бағалай білгенге – болашаққа бағдар, саралай білгенге – саналы ой, ұғына білгенге ұлт тағдыры дер едім.
Амалбек ӨМІРТАЙ,
Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы