Спорт • 09 Сәуір, 2020

Ең құнды футболшы – Килиан Мбаппе

35 рет көрсетілді

Әйгілі Transfermarkt порталы әлемдегі ең кұнды ойыншылардың тізімін жария етті. Сол көшті Франция құрамасы мен ПСЖ клубының ойыншысы Килиан Мбаппе бастап тұр.

Әлем чемпионы деген дардай атағы бар 21 жастағы шабуылшы 180 миллион евроға бааланып отыр. Екінші және үшінші орындарда -  Рахим Стерлинг пен Неймар. Олардың бірі «Манчестер Ситиде», екіншісі ПСЖ-да өнер көрсетуде.  Қазіргі кезде екеуінің де құны – 128 млн евро.

Сондай-ақ «ТОП-10» құнды футболшылар қатарына мына ойыншылар енуде: Садьо Мане («Ливерпуль») – 120 млн евро, Мұхамед Салах («Ливерпуль»), Харри Кейн («Тоттенхэм»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») – 120 млн евро, Джейдон Санчо («Боруссия» Дортмунд) – 117 млн евро, Лионель Месси («Барселона») – 112 млн евро және Трент Александер-Арнолд («Ливерпуль») – 99 млн евро.

Ал төрткүл дүниедегі теңдессіз теңбіл доп шеберлерінің бірі әрі бірегейі Криштиану Роналду («Ювентус») 60 млн евроға бағаланды. Ол небары 47 орынды қанағат тұтуда.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар