«6-8 сәуірде жылдамдығы секундына 30 метрге жететін қатты жел Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Салдарынан бұл жерлер жарықсыз қалды. Әртүрлі ғимараттардың шатыры ұшты. Осы уақытта 3 өңірде 395 нысанға зақым келді. Ақмола облысында 210 нысан, Қостанай облысында 92 нысан, Солтүстік Қазақстан облысы 93 нысан. Бұл - әкімшілік, тұрғын-үй ғимараттары» деді ол.
Айта кетейік, Ақмола облысында оқыс оқиғаның салдарынан бір адам қайтыс болып, 22 адам зардап шеккен болатын.