Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Атырау: Облыстың бас санитарлық дәрігері тағайындалды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері лауазымына Темірбек Мусағалиев келді. Сондай-ақ ол Ұлттық сараптама орталығының Атырау облыстық филилалын қоса басқаратын болды.

Атырау: Облыстың бас санитарлық дәрігері тағайындалды

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен тағайындалған Темірбек Мусағалиев – Қарағанды медицина институтының түлегі. 1985 жылдан бері Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер тәжірибе жинаған. Ал 2003 жылдан Атырау қалалық қоғамдық денсаулық қорғау департаментіне жетекшілік етті. Кейін 2018 жылы Атырау олыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментін басқарған.

Оған  Ұлттық сараптама орталығы Атырау облыстық филиалының басшысы қызметін қоса атқару міндеті жүктеліп отыр.  

 

Жұмасат ҒАЗИЗ