Жол картасы 27 іс-шарадан құралған 5 бөлімнен тұрады, оны 2020-2021 жылдары іске асыру жоспарланған. Басымдық ұлттық туристік өнімнің және туристік инфрақұрылымның дамуына берілген. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева ағымдағы кезеңді тиімді өткізіп, адамдар карантиннен шыққан уақытқа қарай туристік инфрақұрылымның кешенді дайындығын ұйымдастыру қажет екенін айтты.
«Сәуір-мамыр аралығында ішкі туризмді жандандыру үшін 2020-2021 жылдарға туристік маусымға толық дайындықты жүргізу керек. «Kazakh Tourism» ҰК, жергілікті атқарушы органдар және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, белгілі туристік маршруттар мен көрнекті жерлерге түгендеу жүргіземіз. Басымдыққа ие медициналық қызметтер тізімін анықтау балалар және сауықтыру туризмі сегментінде қолдағы турөнімді түрлендіруге көмектеседі», – деді Ю.Якупбаева.
Балалар сауықтыру орталықтары мен шипажай нысандарын түгендеу бұл бизнес субъектілерді қолдау және дамыту бойынша қажетті шаралардың объективті көрінісін береді. Жол картасының жекелеген бөлімі туризмнің маңызды бөлігі - қолөнер шеберлігіне арналған. Әр өңірде қолөнер шеберлерінің негізгі бұйымдарын анықтау, қолөнер шеберлері қызметін монетизациялау, мәдени ескерткіштерді жөндеуге тарту – бұл және басқа да іс-шаралар қолөнер шеберлерінің проблемаларына назар аударуға және қолөнерді ұлттық туристік өнімнің толық құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға арналған.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП Жол картасындағы іс-шараларды іске асыру ұсынылған туристік өнімдердің сапасын жоғарылатуға айтарлықтай мүмкіндік береді деген сенімде.