Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Елбасы Қазақстан – Кеңес Одағы ыдыраған кездегі 90-жылдардағы Қазақстан емес, деп әділ айтты. Өмір – ауқымды күш-жігер мен қомақты қаржы жұмсалған және елді болашақ күтпеген күйзелістерден қорғау үшін жүргізілген реформалардың дұрыстығын дәлелдеді. Әлемнің барлық мемлекеттері арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып пандемиямен күреске қосылды. Алдын алу іс-шаралары жүйелі жүргізілді. Тиісті мемлекеттік органдар арнайы даярлықтан өтті. Шетелдерде пандемияның дамуы мен таралу барысы зерттелді. Нәтижесінде, біз өз мүмкіндіктерімізбен оның жолына тосқауыл қоя алдық, коронавирус жағдайы тәулік бойы бақылауға алынды. Жағдайды тұрақтандыру үшін көптеген жұмыс атқарылды және бұл әрі қарай жалғасуда. Біз барлық осы игі шараларға бүкілхалықтық және барлық жерде қолдау көрсетуіміз тиіс.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев, өзінің барлық ұйымдастырушылық пен ұқыптылық және басқа жақсы қасиеттерін көрсете отырып жариялаған дағдарысқа қарсы шараларын жүзеге асыруға кірісу керек екендігін, көмекке мұқтаж адамдарға ерекше қамқорлық жасау қажет екенін айтты. Басқаша айтқанда, әрбір қазақстандық өз өмірін әлеуметтанушылар атап өтетіндей, дағдарысқа қарсы режімдегі габитусты түзетуі тиіс. Көп нәрсе қоғамның дағдарысқа қарсы бірыңғай команда бола алатынына байланысты.
Адамдарға кейде күмән, реніш, наразылық сәттерін бастан кешіру тән. Кейде біз өз күшімізге сенбейміз, бастамаларды күмәнмен, сенімсіздікпен бағалаймыз, өзіміздің тәжірибемізге сенімсіздікпен қарап, бір бастаған жұмысты толыққанды істемеуге, көбінесе имитациялық мінез-құлық үлгілеріне бейімбіз.
Сонымен қатар әлеуметтік деректерге сәйкес қоғамның дағдарыстық жағдайларында ерекше сипат танытатынын көрсетеді – қиындықтарды шыдамдылықпен көтере отырып, түрлі, соның ішінде күрделі жағдайлардан шығу жолдарын іздейді. Бұл сапа саясатта тұрақтылығымен, этносаралық және конфессияаралық келісіммен әрдайым ерекшеленетін Қазақстанға тән. Бұл – бүгінгі күрделі жағдайда көрініс табуы қажет болатын Қазақстанның негізгі артықшылықтары.
Қазақстандықтар арасындағы әлеуметтік оптимизмнің доминанты – бұл біздің еліміздің одан әрі дамуы, дағдарыс уақытын еңсеруі үшін маңызды құндылық. Бірақ кез келген ресурс ретінде ол толықтыруды талап етеді. Ең ауыр кезеңдерде қадір-қасиетін жоғалтпаған, әрдайым бірлігімен, мейірімділігімен, қуанышымен, қайырымдылығымен ерекшеленетін барша халыққа алғыс білдіре отырып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы осындай қиын уақытта қазақстандықтарды қолдауда. Қиындықтарға алаңдамай, бірлік пен келісімді сақтаймыз деген сенім мол. Біз қиындықтарды міндетті түрде жеңеміз, өйткені «Біз біргеміз!».
Зарема ШӘУКЕНОВА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры