Спорт • 10 Сәуір, 2020

UFC ұйымының шығыны 750 миллион доллардан асуы мүмкін

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дің биылғы жылы жоспарланып отырған жарыстары өтпей қалса, онда олардың шығыны 750 миллион АҚШ долларынан асуы мүмкін. 

UFC ұйымының шығыны 750 миллион доллардан асуы мүмкін

Жыл басынан бері айтулы промоушен жеті жарыс ұйымдастырып үлгергерді. Одан кейін күллі әлемді коронавирус індеті жайлады. «Байтал тұрмақ, ас қайғы» кезде көптеген мемлекетте спорттық сайыстар тегістей тоқтатылды. Мәселен, UFC ұйымы 18 сәуірде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ресейлік Хабиб Нұрмагомедов пен америкалық Тони Фергюсон арасында титулық кездесу өткізуді көздеді. Бірақ коронавирустен қауіптенді ме, әлде басқа да себептері болы ма, әйтеуір Дағыстанның өрені Америкаға барудан бас тартты. Кейіннен Ресей өкілін АҚШ-тың дүлейі Джастин Гэтжи алмастырды.  Ал UFC-дің президенті Дана Уайт «қандай жағдай болса да, дәл сол белгіленген күні айтулы жарысты ұйымдастырамын» деп айтқанынан қайтпай отыр.

Жалпы UFC биылғы жылдың соңына дейін 42 турнир ұйымдастыруды алдын-ала жоспарлап қойған. Олардың ESPN арнасымен жасасқан келісімшарты бар. Бірақ коронавирус індеті әлі де әлемде сейілмей тұр. Ал ондай жағдайда жарыстар өткізуге рұқсат берілмейді. Бір сөзбен айтсақ, үстіміздегі жылы UFC-дің шығынға белшесінен бататыны анық.