Спорт • 10 Сәуір, 2020

Боб Арум: Мафия Мұхаммед Әли екеумізден қорқатын

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Real Fight with Cynthia Conte арнасына сұхбат берген Боб Арум өз басынан өткен қиындықтар, кәсіпқой бокстың көпшілік біле бермейтін құпиялары, заманның аумалы-төкпелі кезіндегі мафияның спорт саласына ықпалы етуі және тағы басқа қызықты оқиғалар жайында баяндады.  

Боб Арум: Мафия Мұхаммед Әли екеумізден қорқатын

88 жастағы әйгілі америкалық промоутердің айтуынша, кезінде мафия спорттың көптеген түрі өкілдеріне өз ықпалын жүргізгені рас. Кәсіпқой бокста да ондайлар аз болмапты. Жүздеген жуын жұдырықты жігіттер солардың жетегінде кетті. Жеңу керек десе жеңді, жеңілу қажет десе жеңілді.  Өйткені, бәске мол ақша тігіледі. Оңай жолмен баюды көздеген қылмыстық элементтер осындай опасыздыққа жиі баратын.

-Сол заманда мафияға еш қатысы жоқ жалғыз боксшы Мұхаммед Әли еді. Өйткені, даңқты былғары қолғап шебері «Ислам Ұлттары» ұйымның қатарында болды. Ал қылмыс әлемінің серкелері «ағайындылардан» әркез аулақ жүруге тырысатын. Сол себепті де мафия Мұхаммедке еш жолаған жоқ. Кейіннен «Ислам Ұлттары» күшейгенде, басбұзарлар бокс саласынан мүлде алыстады. Сол секілді мафияның мүшелері менен де қаймығатын. Олар Боб Арумды жасырын қызмет атқарып жүрген федералды агент деп ойлайтын. Тіптен, өзімнің құрдасым әрі осы кәсіптегі басты бәсекелесім Дон Кинг мырза әлі де солай ойлайды, - деп Арум ақсақал қызықты бір әңгіменің тиегін ағытты.