Спорт • 10 Сәуір, 2020

Теннис: Сақтандыру құны – 141 миллион доллар

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 29 маусымы мен 12 шілдесі аралығында Лондонда өтуге тиіс «Уимблдон» турнирі коронавируске байланысты кейінге шегерілгені белгілі.

Теннис: Сақтандыру құны – 141 миллион доллар

Соңғы рет айтулы дода 1945 жылы кейінге шегерілген еді. Содан кейін  табаны күректей 75 жыл бойы ол белгіленген уақытында үздіксіз ұйымдастырылып келді. Міне, енді жер жаһанда коронавирус дертінің өршуіне байланысты айтулы жарысты өткізу мерзімін тағы өзгертуге тура келіп отыр.

Десек те қандай да істің алдын алуға бейімделген ағылшындар айтулы жарыстың түрлі себептерге байланысты өтпей қалу қаупін сезініп, 2003 жылдан бері сақтандыру компаниялардың көмігіне жүгініп келген екен. Сол мақсатқа олар жыл сайын 2 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсап отырған. Бұл ақпаратты The Daily Mail басылымы таратып отыр. Енді коронавируске байланысты Уимблдонның кейінге шегерілгені үшін сақтандыру компаниясы ұйымдастырушыларға 141 миллион доллар төлеуге тиіс.