Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Елорда көшелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінде қыстан кейінгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда көшелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Елордада жарық құрылымдарын тазалау, сырлау, жарықтандыру, жөндеу жұмыстары жалғасады.

«Қысқы маусымнан кейін Қабанбай батыр, Ақмешіт көшелері бойынша кабель желілері жөнделіп, жарықтандыру бағандары ауыстырылды. Бүгінде Тұран даңғылына сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл учаскеде 10-нан астам баған орнатылды», - деді «Астана қалалық жарық» ЖШС-нің учаскелік шебері Мадияр Жүнісов.

Жалпы Есіл ауданында 30-ға жуық зақымдалған бағанды ауыстыруды жоспарланған.

«Астана қалалық жарықта» 2014 жылдан бері электромонтер болып жұмыс істеймін. Жарықтандыру бағандарын жөндеу және ауыстыру жұмыстарын жүргіземін. Бүгін 4 баған орнаттық. Жұмыс күнінің соңына дейін тағы төрт баған орнатпақпыз. Жұмысым өзіме ұнайды», - деді коммуналдық қызметкер Данияр Есжанов. Айта кетсек, елордадағы сыртқы жарықтандыру желілерінің ұзындығы 1500 километрді құрайды.